Куба президенті: Ешкімнің отарына айналмаймыз!
Куба президенті Мигель Диас-Канель бұл елдің ешқашан ешбір империяның отарына айналмайтынын мәлімдеді.
Ол АҚШ Президенті Дональд Трамптың Куба аумағы Америка туының түсіне боялған картаны жариялауына осылай жауап қайтарды. Диас-Канель кубалықтардың тәуелсіздік пен егемендік үшін өте жоғары баға төлегенін атап өтті.
Өз кезегінде Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Трамптың картасын сынай отырып, Вашингтонның мұндай әрекеттері жақында американдықтардың елдердің, құрлықтардың, тіпті ғаламшардың қайда орналасқанын «ұмытып қалуына» әкелуі мүмкін екенін айтып, келемеж етті.
Трамп жариялаған картада Америка туымен Кубадан бөлек Канада, Мексика, Исландия, сондай-ақ Кариб бассейні мен Орталық Американың бірқатар елдері белгіленген.
Abai.kz