Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Әне, көрдің бе? 135 0 пікір 10 Қыркүйек, 2026 сағат 12:31

Ресей қуатты державадан, дәрменсіз елге айналды!

Сурет: tsargrad.tv сайтынан алынды.

Путиннің Ресейді «жабайы 90-жылдардағы» құлдыраудан алып шығып, жоғалған ұлы держава мәртебесін қалпына келтіргені туралы тезисі ұзақ уақыт бойы кремльдік пропаганданың басты діңгегі болып келді. Дегенмен, Ресей билігінің өзі шетелдік араласулар туралы үнемі айта беретін шағымдарымен бұл тезистің тас-талқанын шығарып отыр.

Ресми үгіт-насихат Ресейдің ғасырлар бойғы қуаты мен егемендігін, оның сыртқы қауіптерден қорғана алу қабілетін үнемі дәріптейді. Бірақ іс жүзінде Кремль ұсынған тарихи нарратив мүлдем қарама-қарсы әсер қалдырады: ол Ресейді ғасырлар бойы сыртқы күштердің арбауына оңай түсіп келген осал мемлекет ретінде бейнелейді. Билік «шетелдік агенттер» мен сыртқы ықпалды неғұрлым қатты қаралаған сайын, Ресей соғұрлым тұрақсыз, әлсіз әрі үнемі алданып қала беретін ел болып көрінеді.

«Бізді тағы да алдап кетті»

Ресейді сыртқы әлем үнемі алдауға, пайдалануға немесе ішінен ірітуге тырысады деген түсінік Путиннің де, оның билігінің де саяси лексиконында берік орнықты. Оның басты мотиві: «Ресей әрдайым адал ниетпен әрекет етеді, серіктестеріне сенім артады және келісімдерді бұлжытпай орындайды, бірақ кейін бұл сенімнің жауыздықпен пайдаланылғанын түсінеді».

Содан да болар, Путиннің шешендік өнерінде «бізді алдап кетті», «саусақ айналдырып кетті» деген сияқты сөз тіркестері жиі кездеседі.

НАТО-ның кеңеюі: Путин Батыс елдерінің Мәскеуге берген уәдесінде тұрмағанын айтып, осылай шағымданды.

Минск келісімдері: Кейінірек ол бұл келісімдерді де дәл осылай түсіндірді — Батыс бұл құжатты тек Украинаға әскери тұрғыда күш жинап алу үшін пайдаланды деп мәлімдеді.

2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейінгі сөзінде Путин Ресейдің «қайта-қайта алданғанын» айтса, арада он жыл өткенде Минск келісімдерін еске алып: «Олар бізді тағы да алдап кетті», — деп қысқа қайырды.

Кремль пропагандасындағы тағы бір қайталанатын тақырып — сыртқы күштердің Ресейдің ішкі мәселелерін өз пайдасына жаратқысы келетіні туралы идея. 2004 жылы Бесландағы қанды терактіден кейін Путин Ресейдің «әлсіздік танытқанын» айтып, жаулардың елдің «майлы үзігін» жұлып алғысы келетінін хабарлады.

Кейін бұл логика тек терроризммен шектелмей, саяси кеңістікке де көшті:

2000-жылдардың ортасында Путин саяси қызметті шетелден қаржыландыруға қарсы шығып, ҮЕҰ-ларды сыртқы күштердің құралы деп айыптады.

2011 жылы ол бұл қағиданы жаппай наразылыққа шыққан өз азаматтарына қолданды. Оның пайымдауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ресейлік оппозицияға «белгі беріп», олар Мемлекеттік департаменттің қолдауымен елдегі жағдайды шайқай бастаған-мыс.

Кейіннен қабылданған «шетелдік агенттер» туралы заң кез келген оппозициялық немесе еркін ойды заңнамалық деңгейде «жаудың ниеті» деп тануға жол ашты.

Сыртқы араласу — бүкіл тарихтың негізгі концепциясы

Біртіндеп «шетелдік араласу» концепциясы Кремль үшін қазіргі қақтығыстарды ақтаудың ғана емес, бүкіл Ресей тарихын түсіндірудің басты модусіне айналды:

2014 жылғы Қырым сөзінде Путин: «XVIII, XIX және XX ғасырларда жүргізілген Ресейді тежеу саясаты бүгін де жалғасуда», — деп мәлімдеді.

Оның риторикасында Ресей империясының, КСРО-ның және посткеңестік Ресейдің қақтығыстары бірыңғай «Батыспен мәңгілік майданның» элементтері ретінде ұсынылды.

2020 жылы ол: «Әрине, олар біздің сайлауға араласуға тырысады, олар мұны үнемі жасайды», — деп, дәйектеуді де қажет етпейтін аксиома сияқты сөйледі.

2022 жылғы 24 ақпанда Украинаға басып кірердегі сөзінде ол Батыстың мақсаты — КСРО ыдырағаннан бері сепаратизмді қолдап, «Ресейді бөлшектеу және ақырында жою» болғанын айтты.

Осылайша, Путин ұсынған тарихи модель пайда болды: Ресей — үнемі аяр да залым қарсыласпен бетпе-бет келіп отыратын мәңгілік құрбан. Батыс оны келіссөздерде алдайды, ішкі әлсіздігін пайдаланады, сепаратистерді қаржыландырады, қоғамдық пікірді білдіртпей өзгертеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Ресей тарихы — егемендік үшін толастамайтын қорғаныс соғысы.

Қуатты держава ма, әлде дәрменсіз құрбан ба?

Бұл концепция өзінің ішкі логикасы жағынан үлкен қайшылыққа тап болады. Билік пен оның тарихшылары патриоттық мақсатты көздеп, Ресейдің ғасырлар бойы сыртқы қысымға төтеп беріп, егемендігін сақтап қалғанын көрсетпек болды. Бірақ «шетелдік араласуға» неғұрлым көп басымдық берілсе, Ресейдің өзі бұл тарихта тәуелсіз субъект ретінде соғұрлым көмескілене береді.

Ресей билігі бұрмалап отырған оқиғаларға зер салсақ:

Смута (Дүрбелең) кезеңі — поляк интервенциясы мен Лжедмитрийді қолдаумен гана түсіндіріледі.

Елизавета Петровнаны таққа әкелген сарай төңкерісі — француз дипломаттарының астыртын әрекеті деп беріледі.

Екатерина II тарихы — британ елшісімен байланысына тіреледі.

XIX ғасырдағы Кавказ соғыстары — британдықтардың дем беруі деп сипатталады.

XX ғасыр басындағы революциялар — шетелдік тыңшылар мен ақшаның нәтижесі болып шығады.

Алайда, Ресей империясы мен КСРО тарихы мүлдем басқа шындықты көрсетеді. Ресей тек «сыртқы араласудың құрбаны» болған жоқ, ол өзі де өзге мемлекеттердің ішкі ісіне белсенді әрі жүйелі түрде араласып отырды:

XVIII ғасырда Ресей Польшаның ішкі саясатын толық бақылауда ұстап, таққа өз кандидаттарын отырғызды, ақыры оны үш рет бөліске салды.

XIX ғасырда Санкт-Петербург Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды қаржыландырып, Австрия-Венгриядағы славян топтарын өз мүддесіне пайдаланды.

Кеңестік кезеңде Мәскеу Коминтерн арқылы бүкіл әлемдегі коммунистік партияларды қаржыландырды, Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасындағы көтерілістерге қару-жарақ пен нұсқаушылар жіберіп, төңкерістер ұйымдастырды.

Кез келген шынайы империяшыл саясаткер үшін халықаралық тәртіпті өзі қалыптастырған, өзге елдердің әлсіз тұсын шебер пайдаланған қуатты мемлекеттің бейнесі әлдеқайда тартымды болар еді.

Өкінішке қарай, Кремль керісінше, Ресейдің тек пассивті корғанушы позициясын дәріптеуді жөн көреді. Олардың баяндауында Ресей — ғасырлар бойы шетелдік дипломаттардың, ақшаның, идеялардың және тыңшылардың арбауына оңай түсіп келе жатқан ел. Оның элитасы сатылғыш, қоғамы тез алданады, ал ішкі қақтығыстарының бәрін сырттан біреу басқарады. Тіпті миллиондаған армиясы мен алып қауіпсіздік аппараты бар қазіргі Ресейдің өзі шағын үкіметтік емес ұйымдардан, журналистер мен эмигранттардан қорқып, үнемі қорғануға мәжбүр.

Түйін. Путиннің Ресейдің тарихи қуаты мен егемендігін дәлелдеуге арналған пропагандалық концепциясы, керісінше, оның созылмалы әлсіздігі мен дәрменсіздігі туралы гимнге айналды. Ресей билігі өз елінің ғасырлар бойы тоналғанын, алданғанын және пайдаланылғанын неғұрлым табанды түрде дәлелдеуге тырысса, соғұрлым ол Ресейді дербес ырқы жоқ, сыртқы ықпалға үнемі жем болатын әлсіз мемлекет ретінде әлемге танытып отыр.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1050
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2597
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 735
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 695