Көшпендер ойынына дейінгі және одан кейінгі көкпар
Кез келген құбылыстың, оқиғаның тамыры тереңде, бетін қалқып бағалауға болмайды. Оншақты жыл бұрынғы қырғызда пайда болған Көшпендер (қырғызша көчмөн – дұрыс балама, Марсел Эрдал: köçmen, қазақша үндестікпен - көшпен) ойыны жалпы төрк қауымы үшін де, адамзат үшін де мәдени өмірдегі жаңа парадигманың нышаны болғанын жасырмайық.
Ол кезде біздің ел Әлемдік діндердің сиезімен, Азиадамен, ЭКСПО-2017-мен т.т. ғаламдық шаралармен бас қатырып жүрді. Қазақ құндылығын ескеруге, дамытуға, болмаса оны қырғыздар құсап, көшпен/номад тақырыбына салып, ұлттың көсегесін көгерту болмаса да, көкірегін керуге деген ауызға ілігетін қадам болған жоқ.
Оның есесіне ұлттың алтын бесігі саналған ауыл талауға түсіп, типыл болып жатты. Осымен бірге қадыр да, құндылық та, рух пен жігер де құмға сіңе бастады.
Жә. Көкпар тарихынан бірер сөз. Қазақстанда 1949 ж. көкпар тартудың жаңа ережесі бекітіліп, оған сәйкес көкпарды арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. 1958 жылдан бері көкпар аламан алаңдарда (ипподромдарда), 1990 жылдардан бері арнайы көкпаралаңда өткізілуде. Ал қырғыз ағайын көкпармен шындап 1998 жылдан кинорежиссер Болат Шамшивтің кірісуімен бастады.
Әңгімені беріден-ақ қайтарайық. 2024 жыл. Дүниелік (осыған «жүзді» қоспай-ақ қояйықшы) V Көшпендер ойыны Астанада өткенде көкпар спортына қатысты не болғанын көпшілік білмейді. Бұл іс-шарада көкпар ғана бағдарламаға енетіні туралы алдын ала шешім қабылданды және бұл негізі Бүкіләлемдік Этноспорт Конфедерациясы тарапынан мақұлдан шешім болатын. Оған себеп: көкпар мен ұлақтартыш (көкбөрі) бір спорт және соңғысында қауіпсіздік мәселесі шешілмеген.
Бірақ сол жылы қырғыз президенті арнайы Астанаға жұмыс сапарымен келіп, Қ.К.Тоқаевпен кездесуде мәселені көкбөрінің пайдасына шешіп әлемдік ойындар додасына енгізіп қайтты. Оның нәтижесі қандай болғаны әлемге аян: қырғыздың командасы ши шығарды, дауласты, Қазақстанның әнұранын қадыр тұтпай. Қыр көрсетті. Көкпар ойыны 40 минутқа үзілді. Бұл Көшпендер ойынының тарихына саяси сипаттағы өте келеңсіз оқиға болып жазылды.
Сол жағдайдан кейін бұл Көшпендер ойындарының тізгінін Өзбекстан алуға тиіс болатын. Бірақ әріден ойлаған өзағамыз бұл машақаттан бас тартты және дұрыс істеді. Сөйтіп, қырғыз тарапы бастаманы өздеріне қайтып алды.
Жә, бұл тақырыптың саяси жағы. Енді таза көкпар мәселесіне келейік. Негізі федерациясы құрылмаған елде ондай спорт бойынша ресми түрде сол спорт түрінің додасына қатысу әлемде – нонсенс! Қазақстанда көкбөрінің, ал Қырғыстанда көкпардың Федерациясы жоқ. Енді бұл жолы Қазақстанның көкпар командасы көкбөрі мен көкпар ойындарына қатыспайтын заңды да шынайы Себеп болды. Себебі, көкбөрі форматына қатысатын спортшылар жоқ. Ал көкпарға сыйластықпен барғанның өзінде ол шараны тікелей Халықаралық Көкпар федерациясы басқару керек. Ондай федерация жоқ! Енді не керек. Несіне барды? Неге барды? Түсініксіз.
Бар болғаны жекелей бейресми құраманың қатысуына ғана жол ашуға болар еді. Соның өзінде қауіпсіздік мәселесін қатаң қою керек. Өйткені қырғыз жағы ылғи да ойыншыларға қатер төндіріп, ойыншыларды қорқытып-үркітіп ойнайтыны әуелден белгілі. Бұл турасында белгілі қазақ палуаны Айхановтың тарихи бағасы бар ғой. Тіпті кешегі Аударыспақтың өзінде бірнеше палуанға қамшы сілтенді, соны көрмегендей болып отырмыз.
Демек, бұл басты да заңды позиция неге бұзылды? Бұған Көкпар федерациясы жауап беруі керек. Федерация басшылығы ресми мемлекет басшылығының алдына мәселені анық та қомақты дәйектермен түсіндіріп, бас тартуы тиіс болатын. Оның орнына федерация басшысы назарды басқа жаққа аударып, «Қазақстан» деп қышқырған қызға автокөлік сыйлап құтылды. Ол оның орнына доғарысқа (отставкаға) кетуі тиіс болатын. Нәтижесінде ұлттың намысын қойшы, мемлекеттік имиджге селкеу түсті. Ақыры медал санына таластық. Бас бапкеріміз бәленің бәрі атта деп құтылып отыр. Ау бірнеше жылқы зауыты бар елді неғып, көкпарға шығатын 12 ат табылмайды? Оншақты атты баптайтын бапкер неге жоқ? Бұл сұрақ жоғарыға негеи жетіп шешілмейді? Федерация басшылығына депутат мандаты бұны шешуге неғып пайдаға жарамай жүр? Әркімге таратып жатқан автоарба көкпардың отымен кіріп, күлімен шығып жүргендерге неге берілмейді? Көнге елдің намысы неге салынады?
Мына жағдайға кәдімгідей назар аударылуы керек. Көкпар үстінде қазақтарды көзбе-көз қорлап жатқанына қарамай, ойыншылар да, бас бапкер де тым-тырыс, көнбіс түйенің кебінде болды. Көкпар капитанын атпен келіп бүйірден соққанда бапкер неге ай қарап тұрды? Ау, көкпаршы құлап, оның үстіне екі бірдей қырғыз ойыншылары төннің, аттың бауырына алғанда басқа ойыншылар неге шыдап тұрды? Бұл жерде намыс емес, ең әуелі әділдік үшін бас көтеру қайда? Ойынның ережесі көзбе-көз бұзылғанда не тұрыс? Бәрі алаңнан шығып кетпеді ме? Оған толық негіз бен себеп болды ғой? Жарайды. Арғы жағына барыспайық.
Қырғыз бен қазақ көкпарының айырмасы неде? Қырғыздар 10-15 жасынан есекке не жабағыға мініп тартыса бастайды. Өйткені Қырғызстанда аграрлық ауыл құрылымы типыл болған жоқ, біздегідей ауылда 30 пайыз (ресми 40 пайыз шындыққа сай емес) халық қалатындай ахуал орнаған жоқ. Біздің қала балалары өмірінде тірі ат көру де мәселеге айнала бастады. Сөйтіп, ат пен ойыншы кәсіби ат спортын кемінде 15 жастан бастайды, ал қырғыз аттары 1 жастан бастап балалардың көкпар додасына түседі. Бұл қырғыздың кентавр болуына алғышарт емес пе? Яғни Қырғызстанда шынайы түрде көшпендердің бүгінгі мәдениетіне айналатындай ахуал бар. Біз бұған емес, аттың бабы жоқ деп назарды басқа жаққа бұрып жүрміз. Ал бізде бұл ойын негізінен елдің оңтұсында болғанымен, ол өңірлерде тұрақсыз. Қазақ балалары көкпармен 10-15 жастан бастай қоймайды. Бізде «жаппай көкпар» (дәстүрден тыс жабайы көкпар) Шымкент маңында кең таралған, оның өзі көкпар беретін тойларға ғана тәуелді. Яғни біздің дәстүрлі көкпаршыларымыз тек қана тойдың жүлдесі үшін ойнайтын топтар ғана. Спорт ретінде айналыспайды. Сондықтан олардың ішінен көкпардың спорт форматына жарайтындар да аз, көкпар аты да жоқ.

Сурет: Abai.kz скрині.
Сайып келгенде, бұл салада біліксіздік бастан асады. Ал білігі мен білімі, тәжірибесі барларды жолатпайды. Ол енді саланың ішкі саясатында жатыр. Мәселен 2016 жылы біздің «Abai.kz» сайтына жарияланған «КӨКПАР ОЙНЫНДА КӨНЕ САЛТ КӨРІНБЕЙ БАРАДЫ» атты мақаладан кейін ғана футбол форматынан бас тартылып, қарсы тарапқа салым салмай, әркім өз қазанына олжа салатын болды. Содан кейін біреудің бізбен ісі болды ма? Одан кейін «Көкпарды жетілдіру тұжырымдамасын» жарияладық. Ешбір реакция жоқ. Осы саланың маманы Рамазан Сәттібаев қанша шырылдаса да жолатпайды. Мәселе ондайлардың қаржыға ортақтасуында болса керек. Басқа не себеп бар? Әлде бұл спорт бір ғана өңірдің маңдайына жазылғандығында ма? Егер де шынайы даму болып, таңдай қақтырса, ың-шыңсыз спорт түріне айналып жатса – қандай айып болар еді?
Өкінішісі сол – баяғы жартас сол күйі.
Серік Ерғали, көкпартанушы
Abai.kz