C5+1 және Орталық Азия: Жаңа геосаяси жағдайдағы Сеул саммиті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІ
13 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммиті аясында бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының басшыларымен кездесті. Әңгімелесу барысында әр түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқылаған соң ат басын бірден Сеулге бұрды.
«13-інен 14-іне қараған түні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мённің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді», – деп хабарлайды Ақорда хабарлады.
Хабарлама мәтінінде: «Қазақстан Президентін Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды», – делінген.
Мемлеке басшысының Сеулге ат басын тіреуінің себебі жоқ емес. 2015 жылы негізі қаланған C5+1 дипломатиялық диалог алаңы бүгінгі таңда жаһандық текетірес пен экономикалық трансформация кезеңінде сапалық жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Орталық Азияның бес елі — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттарының сыртқы саяси ведомстволарын біріктіретін бұл формат дәстүрлі түрде Уашингтон немесе өңірлік астаналармен шектеліп келсе, бұл жолы дипломатиялық геореңк мүлдем өзгеріп, саммит Корея Республикасының төрағалығымен және қатысуымен өтуде. Бұл қадам Азия құрлығының екі маңызды қос нүктесі — Орталық Азия мен Шығыс Азия арасындағы саяси-экономикалық көпірді нығайтып қана қоймай, жаһандық ойыншылардың өңірдегі ықпал үшін күресіне жаңа мазмұн, тың серпін қосады.
Әсіресе, осы маңызды дипломатиялық үдеріс 14 қыркүйек күні орын алып отырған халықаралық күн тәртібіндегі түбірлі өзгерістер мен өткір геосаяси оқиғалар аясында өтуде. Дәл осы кезеңде жаһандық логистикалық дәліздердің қайта пішімделуі, сирек кездесетін металдар мен маңызды шикізат ресурстары үшін бәсекелестіктің ушығуы және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері әлемдік саясаттың өзегіне айналды.
СЕУЛ САММИТІ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МАНЕВР АЛАҢЫ
Орталық Азия мемлекеттері үшін C5+1 форматы тек АҚШ-пен ғана емес, сонымен бірге оның одақтастарымен көпвекторлы диалог жүргізудің тиімді тетігіне айналып келеді. Сеулдің бұл үдеріске белсенді араласуы да еш кездейсоқ емес. Оңтүстік Кореяның «K-Silk Road» (Жібек жолы) стратегиясы мен озық технологиялық әлеуеті Орталық Азияның минералдық-шикізат базасымен және транзиттік мүмкіндіктерімен тығыз үндеседі десек артық айтқандығымыз емес.
Бүгінгі таңдағы халықаралық жағдай өңір елдерінен теңгерімді саясатты қатаң талап етіп отыр. АҚШ пен батыс елдерінің санкциялық саясаты, жаһандық жеткізу тізбектерінің үзілуі және логистикалық дағдарыстар жағдайында Орталық Азия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (Орта дәліз) маңызы күрт арта түсті. Сеулде өтіп жатқан кездесулерде бұл тақырып негізгі өзектің біріне айналып, өңірдің геоэкономикалық субъектілігін айшықтай түспекші.
ҚАЗАҚСТАН ҰСТАНЫМЫ МЕН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕР
Осы тұста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық ұстанымы мен салиқалы саясаты ерекше маңызға ие болып отыр. Мемлекет басшысы әлемдік аренада Қазақстанның мүддесін қорғаумен қатар, Орталық Азияның біртұтас және конструктивті әріптес ретіндегі беделін нығайтуға басымдық беріп келеді.
14 қыркүйектегі жаһандық өзгерістер мен нақты оқиғалар контексінде Президент Тоқаев мынадай негізгі басымдықтарға:
Біріншіден, Транзиттік-көліктік әлеуетті іске қосу: Санкциялық шектеулер мен логистикалық тұйықтар жағдайында Қазақстанның өңіраралық және континентаралық сауда жолдарының негізгі торабы ретіндегі рөлін күшейту Орта дәлізді дамытуға АҚШ пен Азия елдерінің инвестицияларын тартуға;
Екіншіден, Сирек металдар және жасыл энергетика: Әлемдік технологиялық революцияның драйвері болып табылатын сирек жер элементтерін өндіру және терең өңдеу саласында стратегиялық әріптестік орнату. Қазақстан бұл бағытта шикізат қоймасы ғана емес, жоғары қосылған құн жасайтын технологиялық өндіріс орталығы болуға ұмтылуға;
Үшіншіден, Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық: Халықаралық жағдайдың ушығып тұрған тұсында Орталық Азияның қауіпсіздік белдеуін сақтау, сыртқы сын-қатерлердің экономикалық және әлеуметтік салдарының алдын алуға арқа сүйейді.
ГЕОСАЯСИ ТҮЙІНІ МЕН БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі «кімнің кім екенін» анық көрсететін сынақ кезеңін бастап өткізіп жатыр. Бір жағынан, аса ірі державалардың текетіресі күшейсе, екінші жағынан, Орталық Азия сияқты өңірлердің дербес саясат жүргізу қабілеті арта түсті. Сеулде өтіп жатқан саммит пен оның аясындағы дипломатиялық қадамдар Қазақстанның әлемдік картадағы орнын айқындап, сыртқы саясаттағы көпвекторлылық пен прагматизм қағидатының өміршеңдігін дәлелдеп отыр.
Президент Тоқаевтың бұл бағыттағы салиқалы бастамалары мен ұстанымдары еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауға және жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған сенімді іргетас болып қала бермек.
Abai.kz