Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 100 0 пікір 14 Қыркүйек, 2026 сағат 17:04

Қазақстан мұнай шикізатына тәуелділігін азайтпақ!

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Қазақстан мұнайды тек өндіріп, шикізат күйінде сату тәуелділігін азайтпақ!

Қазақстан Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025–2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мұнай өңдеу көлемін жылына 18 миллионнан 39 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы «Орталық Азия мен Каспийдің мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеуі – 2026» жыл сайынғы саммитінде Энергетика министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Жаңа тұжырымдама мұнай өндіру мен оны өңдеу арақатынасын 5:1 көрсеткішінен (шикізаттың бестен бір бөлігі ғана өңделеді) 2,5:1 деңгейіне дейін төмендетуге бағытталған. Жобаны іске асыру үшін 15-тен 19 миллиард долларға дейін инвестиция тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, саланың ғылыми-техникалық базасы нығаяды, сондай-ақ мұнай және мұнай-химия өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік туады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1171
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2696
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 815
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 787