Жексенбі, 11 Қазан 2026
Жаңалықтар 761 0 пікір 15 Қыркүйек, 2026 сағат 14:08

Мемлекет басшысы Пан Ги Мунмен кездесті

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті.

Мемлекет басшысы дамушы елдердің «жасыл экономика» моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 933
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1251