Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 121 0 пікір 17 Қыркүйек, 2026 сағат 15:27

Экс-депутат қағып кеткен адам ауруханадан шықты

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Жамбыл облысында ауыр жол апатынан кейін бірнеше апта комада жатқан ер адам есін жиды. Қазір ол сөйлеп, жақындарын таниды. 

Науқастың жағдайы туралы Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Ол Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының алдында түсірілген стористі бөлісті. 

— Нұржігіт Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынан 31 күннен кейін шығарылды. Ол соңғы үш күнде ауруханадан шығатын сәтті тағатсыздана күткен, — деп жазды Бақытжан Базарбек.

Экс-депутат Нұржігіттің қазіргі жағдайы туралы айтып, оның келген адамдарды танитынын, сөйлейтінін жеткізді.

Сонымен қатар ол Нұржігіттің есін жиған сәтін де баяндады. Реаниматолог Ғамзат Мұсаевқа ол өзін жақсы сезінетінін, алайда қолы мен басы ауыратынын айтқан.
Дәрігер науқастың сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап беріп отырғанына көз жеткізген соң, Бақытжан Базарбекке хабарласқан.

Бақытжан Базарбек жұбайы Адельмен бірге таксиде келе жатқанда, дәрігер оған: «Бәке, сүйінші! Нұржігіт оянды!» — деп айтқан. Бұл жаңалықты естігенде, ол көз жасына ерік берген.

Экс-депутат жазбасында Құлан мен Тараздағы медицина мамандарына алғыс білдірген. Оның айтуынша, дәрігерлер мен медбикелер Нұржігіттің жағдайын күні бойы бақылап, облыс орталығының мамандары аудандық ауруханаға тұрақты барып тұрған.

Ақзат Жиеналина

Дереккөзі: Қазақпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1282
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2828
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 930
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 875