Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 359 0 пікір 17 Қыркүйек, 2026 сағат 15:43

Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі

Сурет: Нұркен Алишев.

Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейін арттыру мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Құрылтайдан соң өткен брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Журналистер алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңге деңгейінде қала ма деп сұрады. Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған еді.

«Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз», – дейді Әмрин.

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының бірінші оқылымы 14 қазанда өтетінін айтады.

Оның сөзінше, бірінші оқылымға дейін республикалық бюджеттің негізгі параметрлері, оның ішінде кірістер мен шығыстар қаралады. Ал одан кейін салыстырмалы кестелерді талқылау жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1311
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2877
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 968
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902