Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Әне, көрдің бе? 159 0 пікір 23 Қыркүйек, 2026 сағат 12:08

БҰҰ-дағы бас алаң. Кім не деді?

Суреттер: Видео скриндері.

БҰҰ баспасөзі хабарлағандай, 81-ші сессия апталығында ұзын-ырғасы 71 мемлекет басшысы, 45 үкімет басшысы, 50 министр, 11 вице-президент және 1 ханзада сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Барлығы 166 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Ал мемлекеттерден екіжақты кездесу өткізуге 1553 өтінім түскен. Ал бүгін Трамп, Ердоғандар сөйледі…

ТРАМП НЕ ДЕДІ?

Украина туралы: “Украина мен Ресей арасындағы соғыс жылдам аяқталуы мүмкін. Біз сол үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ресей және Украина басшыларымен соғысты аяқтау бойынша келіссөз жүргізудеміз”, - деді (бірақ соғыстық аяқталуы мерзімін атамады).

Иран туралы: “АҚШ мүддесіне зиянын тигізетіндерге әскери күш көрсетуге дайынбыз. Біз Иранға бірнеше мәрте ұсыныс жасадық. Олар бас тартты. Енді біз Иранға ешқашан ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз. Әлбетте, қарашада аралық сайлау өткен соң АҚШ Иранмен түпкілікті келісімге келеді деп сенемін”, - деді.

Онан соң АҚШ-тың қуаты жайлы, Венесуэла мен Куба жайлы біраз көсілді. Трамп Кубаны іреп-сойып: “Бұл өзі болмағыр, толмағыр ел”. Тәртіпті біз орнатамыз, жақында. Рубио соған мықтап кірісті, - деп жатқанда, Кубаның өкілдері залдан шығып кетті…

ЕРДОҒАН НЕ ДЕДІ?

Ердоған Украинаны БҰҰ мінберінен қолдады. Соғыстың тезірек аяқталуын тілеп, Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын айтты.

Ердоған екпіндеп тұрып Израильді айыптады. Газадағы жағдайды “адам төзгісіз концлагер” деп атады. Солтүстік Кипр Түрік мемлекетін мойындауға шақырды. Ал Ердоған сөйлегенде Израиль делегациясы залдан шығып кетті…

ЖАПАРОВ НЕ ДЕДІ?

Жапаров БҰҰ-ны реформалау бойынша ұсыныстар айтты. Қауіпсіздік Кеңесіне Африка құрлығына 2, Латын Америкасына 1 тұрақты мандат беруді ұсынды. Санкция салу құқын тек БҰҰ-ға беруді және БҰҰ резолюцияларының орындалуын қадағалау мезанизмін жасауды айтты. “Кейбір күштілер өздерінен әлсіздерге әлімжеттік жасауда”, - деп сөйледі.

НАУСЕДА НЕ ДЕДІ?

Литва президенті Науседа сөз сөйледі. “Украина әлі қасқайып, басқыншыға қарсы тұруда. Тілін сақтады, егемендігін сақтады. Ұлттық бірегейлігін сақтады. Ал Ресей осы уақыт ішінде аз-мұз жерді алғанына мәз. Бұл соғыста Ресей әзірдің өзінде жеңіліс тапты”, - деді.

БҰҰ алаңында бүгін Зеленский мен Трамп жүзбе-жүз жолығуда. Қос тарап БАҚ алдына аз ғана уақытқа шығып, әрі қарай жабық есіктің арғы жағына кетті.

Трамп Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі, Украинаға зымыран шығару құқыр беру мәселесі жайлы айтты. Путинмен кездесуі мүмкін екенін және Зеленскиймен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.

Ал Зеленский соғысты қысқа дейін тоқтатуға ниет білдірді.

Айтпақшы, бүгін Трамп Дания және Гренлания басшыларымен келісімге қол қойды. Енді АҚШ Гренландияна 2 әскери база орналастыратын болды!

Бірі - Нарсарсуакта қырғи-қабақ соғысы кезіндегі бұрынғы базан қалпына келтірілетін болды. 1950 жылдары Нарсарсуакта "Bluie West One" америкалық базасы орналасқан болатын.

Екіншісі - Местерсвигте жаңа база салынатын болды. Ал Местерсвигте қазіргі уақытта елсіз аймақтарды патрульдейтін Данияның "Сириус" арнайы жасағы орныққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1404
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2983
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 987