Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті. Бұған дейін бұл көрсеткіш 16,25% деңгейінде болған еді.
Қазақстанда жылдық инфляция қатарынан 12 ай бойы баяулап келеді. 2026 жылдың қыркүйегінде ол 9,3%-ды құрады. Азық-түлік өнімдерінің бағасы бұрынғыға қарағанда баяу өсті, ал жеміс-жидек пен көкөніс бағасы айтарлықтай арзандады. Сонымен қатар ет және отын бағасының өсу қарқыны да бәсеңдеді. Қызмет көрсету саласындағы инфляция 8,9% деңгейінде сақталды.
Ел экономикасы өсімін жалғастырып жатыр. 2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығында ЖІӨ (ішкі жалпы өнім) 4,2%-ға ұлғайды. Негізгі үлесті құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және көлік салалары қосты.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін 4 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жариялайды.
Abai.kz