Жұма, 30 Қазан 2026
Талдау 485 0 пікір 30 Қазан, 2026 сағат 12:53

О, баста: Мысыр, Шумер мен Қазақ мәдениеті

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Көктегі Тәңір жарылқап, Жер анамыз мейірімін төгіп, Ата баба аруағы желеп жебеп, дүние жаралғаннан саралауды «О, бастан» бастасақ.

Нағыз тарих пен тілдің семантикасы кез келген миф пен фольклорды, діни ертегілерді жеңіп шыға алады. Ғылым —бүкіл адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерінің жиынтығы. Сондықтан сияқты шектеулі көзқарастан арылып, ғылымға әмбебап, инклюзивті тұрғыдан қарау — уақыт талабы. Тарихи-лингвистикалық саралаумыздың міндеті — ежелгі дәуірдің поэтикалық тілін сүзгіден өткізіп, оның астарындағы құрғақ техникалық мазмұнды бөліп алу. Яғни ғылыми саралау  жүйесі берген нәтиже қиял ғажайып мистиканы жоғары ғылымнан бөліп тұрған шекаранының ара жігін ашып түсінікті ету.

Құдай қай тілде сөйлеген және ең алғашқы тіл қай тіл деген талас бұрыннан бар. Философиялық тұрғыдан: адам «Құдай кім?» деп сұрағанда, шын мәнінде өзінің қайдан келгенін, не үшін өмір сүретінін және әлемнің түпкі мәнін іздейді. Құдайдың шын аты талай  өзгерген, бірақ адамзаттың мән мен абсолютті ақиқатты іздеуі — ортақ құбылыс. Философиялық тұрғыдан бұл мәселе адамның «Мен қайдан келдім?», «Әлемнің бастауы неде?», «Өмірдің мәні қандай?» деген мәңгілік сұрақтарымен байланысты. Құдайдың аты мен тілі, адамның пайда болуы және әлемнің жаратылысы туралы талас-тартыс толастаған емес. Біз Жаратушы-ең алғашқы жаратқан халықы кім және қазақтар ол кезде қайда болды дегени сұрақ төңірегінде ой толғайымыз(Берістен Ж.Тәңіршілдік һәм қазақ халқының ұлттық миссиясы.Abai.kz.21 тамыз.2017.).

XVIII–XIX ғасырлардағы көрнекті еуропалық тарихшылар, археологтар мен лингвистер Х. Рауилсон, Э.Хинкс, Э.Норрис, Я.Опперт, Ф.Ленорман, Б.Лансбергер, Ф. Гоммель, Ч.Фергюсон, Ф.Молон, Дж. Масперо,М.К.Нибура, Э.Экштада, Р.Пумпанелли, А.Унгнада және т,б ежелгі дүние тарихына жүргізген терең ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде «тұрандық теория» деп аталған жаңа ғылыми теория ұсынды. Бұл теория қандай да бір жеке ғалымның эмоциялық көзқарасының жемісі емес, көп жылғы ұжымдық әрі жанқиярлық зерттеулердің нәтижесі болды(Алескер Сияблы.Туран Древний период мировой истории.Баку-2022. 642с).

Бұл теорияға сәйкес, семиттік және арийлік нәсілдер тарих сахнасына шыққанға дейін-ақ, тарихтың алғашқы кезеңінде ғалымдар турандықтар деп атаған прототүркілердің бір бөлігі Орталық Азиядағы байырғы мекендерінен оңтүстік батысқа қарай жылжып, осы жерлерге таралып, алғашқы адамзат мәдениетінің негізін қалады. Ежелгі дәуірдің өзінде климаттың өзгеруі әсерінен прототүркілер өздерінің тарихи жерлерінің бір бөлігін тастап, әртүрлі бағыттарға қозғалды. Алайда бұл көшпелілік емес, қоныс аудару еді. Орталық Азия далаларының «Тұран өркениетінің жаһангерлері» әлем тарихында маңызды рөл атқарды. Тарих бойында олар Тұран үстіртін шамамен 20 рет кесіп өтіп, Үнді мен Ганг аңғарларына, сондай-ақ Тигр мен Евфрат аңғарларына басып кірді. Осы арқылы аймақтың шетіндегі тоқырауға ұшыраған мәдени орталықтардың өміріне жаңа серпін әкелді.

1904 жылы Түрікменстанда америкалық археолог Р.Пумпанелли ашқан Анаудың қалалық мәдениеті б.з.д. X–IX мыңжылдықтарға жатқызылып, әлемдегі ең көне мәдениеттердің бірі ретінде қарастырылады.

Мәтінде келтірілген тарихи деректерге сүйенсек, оның негізін прототүркі-тұрандықтар қалаған деп тұжырымдалады.

Р.Пумпелли б.з.д. VI мыңжылдықта Анау тұрғындарының бір бөлігі қолға үйретілген жануарларын, бидай, тары және басқа да дақылдардың тұқымдарын алып, батысқа қарай жылжып, Месопотамияда Шумер мәдениетінің, ал Африкада Мысыр мәдениетінің негізін қалаған деген пікірді ғылыми тұрғыдан негіздеген(Pumpelly R. Explorations in Turkestan. Prehistoric civilzationc of Anau.Washington,1908.). Болжам бойынша, Мысыр мен Вавилон өркениеттерінің тамыры Анау мәдениетінде жатуы мүмкін. «Туран» және «түркі» атауларының этимологиясы ежелгі Египет пен Шумерге барып тіреледі (Cordier H. Histoire Generale de la Chine.Vol.I, Paris, 1920.6.).

Адамзаттың алғашқы отаны ретінде қазіргі ғылым Африканы көрсетеді. Homo sapiens шамамен 300 мың жыл бұрын Африкада қалыптасқан. Сондықтан «алғашқы халық» дегеннен гөрі, сол дәуірде өмір сүрген ерте адам қауымдары деген дұрыс. «Тұран өркениетінің жаһангерлері» бұл халықтардың саяси мәдени әлеуетін  реттеуші күшке ие болды. Түркілер мен татарлар ежелгі мәдени орталықтардың әртүрлі халықтарын бір билікке біріктіре отырып, олардың мәдениеттерінің араласуына себеп болды (Grosset R. Histoire de Asie. Paris, 1921.). Тұрандықтардың бір бөлігі батысқа қарай қозғалып, Кавказ тауларынан өтіп, Оңтүстік Кавказ бен Загрос тауларының баурайларына қоныстанды. Кейін олар Месопотамия деп аталатын Қосөзенге қарай жылжып, тағы бір көне мәдениеттің негізін қалады. Бұл тұрандықтардың көші-қондары семиттер мен арийлер тарихи аренаға шыққаннан мыңдаған жыл бұрын болған деп түсіндіріледі.Неміс ассирологы Артур Унгнад адамзаттың ең ірі нәсілі болып саналатын Жерорта теңізі нәсілі бірнеше тармаққа бөлінеді, ал шумерлер оның төртінші тармағын құрайды деп жазды. Оның пікірінше, шумер нәсілін аралдық нәсіл деп атаған дұрысырақ болуы мүмкін. Ю. Опперт шумерлерді ешбір күмәнсіз турандықтар деп есептеп, лингвистикалық деректерге сүйене отырып былай деп жазған: «Шумер тілі семиттік те, арийлік те тілдерге жатпайды. Бұл тіл тұран тілдік тобына жатады. Тұран ұғымының мағынасы кең. Арийлік емес әліпбиді жасаған адамдардың тілін тұран тілі деп атау орынды. Тұран тілінде “тұр” адамды, ұлды білдіреді және осы сөзден каста, тайпа мағыналарындағы күрделі сөздер жасалуы мүмкін. «Тұр» түбірінен Тұртан, Тұргал, Тургума́н сөздері шыққан. Шумердің “тур” сөзі Зенд-Авестада “туирья” түрінде беріліп, Афрасияб билеген Тұран атауына балама болып табылады. Фирудиннің ұлдары – Селм, Тур және Ираж туралы аңызда Тұран Азияның ұлан-ғайыр далаларын бейнелейді. Тұрлар – тур халқына жататын және арийлер мен семиттерге қарсы күрес жүргізетін адамдар»
(Oppert J.Sumerien ou Accadien, Journal Asiatigue: 1875, T V, 464).

Опперт бұған қоса Зенд-Авестада аталған, Тұранның – Афрасияб мемлекетінің – прототипі болып табылатын Туирья елі шын мәнінде Шумердің өзі екенін айтады
(Oppert J, Sumerien ou Accadien, Journal Asiatigue, 1875, V, 464). Осылайша, Тур эпонимінің ежелгі тамыры ұлы ата-баба Турға барып тіреледі және ежелгі шумер, аккад, мидия және элам халықтарының тілдерінде «ұлы нәсілдің ұлы, көсем» деген мағынаны білдіреді(Lenormant F.La Langue Primitive De La Chaldee. Et Les Idiomes Touraniens. Paris, 1875, 381).

Француз ғалымы Ленорман да «тур» сөзін егжей-тегжейлі түсіндіріп, шумер тілінде Тургал және Ниргал эпонимдерінің бар екенін жазған.

Шумер тілінде:

тур – ұл;

кал – ұлы, айбынды;

нир – көсем, ханзада.

Нир-гал – ұлы, ұлы көсем деген мағынаны білдіреді.

Осылайша, Тургал – «ұлы көсем», «Құдайдың ұлы» деген мағынаны білдіреді.

Бірінші қорытынды: Ең алғашқы құдайдың таңдауындағы халық деген ұғым алғаш Тұрандықтарға арналған. Өйткені әлемдік қозғалыс Ұлы Тұран даласынан Бүкіл әлемге тараған.Тұран, Тур және Тюрк этнонимдерінің түбірі болып табылатын «тур» эпонимі құдайлық арғы атаның ұлы, ұлы көсем, ұлы нәсілдің ұлы әрі көсемі деген мағынаны білдіреді
(Lenormant F.Chaldin Magis: Its Origin and Devolopment. London.1877, 357–358).

Көптеген сына жазуы мамандарының түсіндірмелерінен көрінгендей, «тур» сөзі «ұл», «туу», «көбею» сияқты мағыналарды білдіреді.

Тур – жер бетіне шашылған бұқа тұқымынан дүниеге келген алғашқы адам, жаратушы әрі ұлы ұл; одан бүкіл адамзат тараған.

Яғни Заратуштраның діни іліміне сәйкес, жердегі алғашқы адамдар турлар, яғни түркілер болған. Сына жазулы мәтіндердегі деректер де мұны растайды.Опперт, Рауилсон, Ленорман, Гоммель, Норрис, Мордтманн және басқа да көрнекті ғалымдар сына жазулы мәтіндерге сүйене отырып, семиттер мен арийлер тарихи сахнаға шыққанға дейін адамзат мәдениетінің негізін қалаған халықтар турандықтар немесе турлар-прототүркілер болған деп жазған.

«тур» – титул. Норристің пікірінше, түркілердің арғы атасының жеке аты Тур болған және ежелгі турандықтардың тілінде ол жай ғана «ұл» емес, «Құдайдың ұлы» дегенді білдірген (Norris Edwin. Memoir on the Scythic version of the Behistun Inscription,London,: 1852, 185).

Шумер мифологиясында басты құдай – аспан құдайы Ан. Ол барлық шумер құдайларының әкесі болып саналады.

Анның сына жазуындағы идеографиялық белгісі – сегіз бұрышты жұлдыз. Бұл сегіз бұрышты жұлдыз құдайдың символы ретінде маңызды шумер құдайларының есімдерінің алдына қойылған.

Сурет: Ж.Берістеннің мұрағатынан алынды.

Сегіз бұрышты жұлдыз «дингир» сөзімен беріледі. Бұл – шумер тіліндегі құдайды білдіретін жалпы ұғым.

Яғни Ан және Дингир – бір деңгейдегі, Шумердің басты құдайын, яғни аспан құдайын білдіретін сөздер.

Бұл түсіндірмені қолдайтын негізгі дәлелдердің бірі – шумердің «дингир» құдайының түркілердің Тәңірі ұғымына балама болуы және екеуінің де аспанды білдіруі.

Екінші қорытынды: Алғашқы жаратшышың шын атауы «Тең Құр»(ТӘҢІР) болған.

Месопотамия мен Шығыс Азияның тарихы мен тілдерін зерттеген еуропалық тарихшылардың көпшілігі семиттік және арийлік тілдер әлі қарапайым даму сатысында тұрған кезеңде туран тілі ежелгі дүниедегі негізгі қарым-қатынас құралы болғанын дәлелдеген.

Турандық теорияны қолдаған Элизабет Сьюэлл өзінің «Ежелгі Египет тарихы» атты еңбегінде туран тілін адамзаттың алғашқы тілі деп тұжырымдады(Sewel Elicebet,  Ancient History in Egypt, Assyria and Babylonia,London,1862).

Үшінші қорытынды: Адамзаттың алғашқы тілі және жаратушының тілі Түркі тілі болған.

Қазіргі бүкілдүниежүзілік өркениетке ұстаз болған екі ел ол Египет пен Шумер халықтары, Сонымен қатар Ежелгі Эллин аталып жүрген Крит –Микен мәдениеті түркі тіліне кіреді. Ежелгі Египет пен Шумердің ғажайып тарихы  - адамзаттың алғашқы өркениеттерінің негізін қалап, кейінгі мәдениеттердің дамуына жол ашты. Айтпағымыз Әлем өркениетін бастаушы саналып жүрген Египет пен Шумер халықтары екеуі де солтүстіктен көшіп келген.

Египет ол қазіргі гректер енгізген халықаралық атау. Грек тілінде жазылған жазбаларда египеттің көп сөздері өте қатты бұрмаланып кеткен.Ежелгі грек жазушысы Эфор (405-330 б.зд жылдары)Египеттіктер олар скиттер(сақтар) анық жазған. Көп зерттеушілер Плутархтың(46-120 жылдары) жазбаларындағы Құдай Ра мен құдай Тоттың әңмесіндегі «Бүгіне бастап бұл теңіз Секет деп аталады»  деп жазғанына(История ,т.3,1904,с.635) сілтеме жасайды. Сехет пен Соқот әртүрлі жазбалар болғанымен мағынасы жүрек соғысы туралы айтылғанын(Тураев Б.А. Древний Египет.СПб.: «Нева», 2001,1.13). Олар өздерін «СОҚОТ» еліміз деп атаған. «Соқ-от». Өздерін олар біз жердің жүрегіміз деп атаған. Соқот жүректің соғысы деп түсіндіріледі. Оты бар, жүрегінің оты бар, көзінің оты бар деген сөз қазақтарда күш қуаты толық, жанып тұрған адамды айтады.Оты сөну деген өлді мағына береді.Жалпы қазақ ұғымында да от сөзі  жүреке қатысты мағынада қолдана береді. Сағат деген сөз «Шақ-от» екені түсінікті.Шақ мезгілді көрсететін ырғақты соғыс. Соқ отқа ұқсас мағынада айтылғаны түсінікті. Яғни ОТ-ЕН, Отан, туған жер немесе ата-баба мекені деген мағынадан шыққан. Сахо қысқартылған Соқот сөзі ретінде жазылған.Сақ сөзінің түбірі Соқ сөзінен шығып тұр.

Қорынды. Қазақтар «Қа Соқтар» ретінде сол жүрек сөзін сақтаушы. Нағыз, ұлы соқтар. Әлем халықтарынң алғашқы ұзтазы ретінде жер өңдеп, «соха» деген сөз кіргізген. Сақ тілінде «Хула»- қала деген мағына береді.Геродот өз жазбасында «пиромис»(Геродот, 1999.с.642) сөзін қолданған.Ол бірінші деген сөз.  «Египеттіктер өздерін біріншіміз, басқа халықтар бұл атаққа лайық емес деп» санағанын жазған»(Геродот, 1999.с.642).Ол Египет тілінде «перемеш»(бірінші) деп жазылған (Шампольон Ж.Ф.О Египетсском иероглифическом алфавите.Л.,1950). Олар бұл атаққа лайықты болды.Бүкіл ғылымды сала сала бойынша дамытты. Египеттік Кадм деген азамат Грецияға алғашқы жазуды үйреткен(Роллен Г.Древняя истия об египетянах о каркфагонянах , об ассирианах, о вабилоноянах, о мидянах, о персах, о македонянах и о греках. СПб, Императорская Академия, Наук, .1749.,т.1,с.81)
Ежелгі Египетте күн Хар немес Хор деп аталған. Фара ол Фараон деген сөздің түбір болғанмен күн деген мағына береды. Бұл титул патшаларға берілседе иерглифтік жазумен жазылған және Хор ретінде қолданады(Андреевский В. Египет. Александрия. Каир , его окрестности, Саккара и берега Нила до первых порогов.Изд.2.СПб., 1886,с.97).

Фара жазылуында грек «т» дыбысы орысша «ф» жазылған. Сондықтан Фара дегенді Тара, Тураа, Тора деп оқу керек( Латышев В.В. Гонтика, СПб. 1909. с.351.)

Египтолог Т.Н. Савельева: Египетте «Тархан қаласында аяқ киімдердің ағаш қоры сақталған» -деп жазады(Савельва Т.Н. Как жили во времена строительства пирамид.М., 1988). Сондықтан Фарон дегенді Тарахон деп оқу керек.Тархан, Турхан бұл билеуші дәреже. Академик В.В. Латышевтің өзі Египетті ешқандай Фараондар емес Турхандар билеген деп жазды. Абыз, Паттар –Батыр бұл сөздер таза египет сөздері.

Египет храмына кірген Геродот абыздармен әңгімелесіп  қызықты жазба қалдырған.Геродот «Фивыдағы Амон мүсіні(Зевс) қошқар басты деп жазған. Амон құдай туралы жаза отырып, Гераклдың Зевсті қатты көргісі келеді. Гераклге көрінбеу үшін Зевс қулық жасайды. Қошқардың басын алдына қойып терісін жамылып көрінген екен.Сондықтан египеттіктер Амонды қошқар бейнесінде бейнелеген(История в 9-ти книгах.1888.ІV-181).

«Скифтер Зевсті папай деп дұрыс атаған деп Геродот жазады. Архиепископ Евстафия (12 ғасырда өмір сүрген) Амон құдайды египеттіктер Атте Тура деп айтқан жазады. Ең қызықтытысы сақоттар басқа халықтардан ештене алмаған деп жазады. Авеста негізінде египеттің канондары алынған ғалымдар жазып жүр(Латышев В.В. Известия древних писателей о Скифии и Кавказе., 1949.т.1.,с.287.т.1,2,3,4.).

Египетте образды 32 дей құдай атауы болған. Ежелгі Египетте  Жер қыртысының құдайының аты «Кепе» деп аталған(ЭС.Энцоклопедический словарь, т.6-80.СПб,1891-1904. т.22.с№533).

Ежелгі египеттіктердің түсінігінде Кепенің жүрегі, яғни жердің жүрегі Египетте деген. Қазақ тілінде кепе жерді жартылай қазып салынатын үйді жер кепе деп айтады.

Ең басты құдайларының бірі «ҚҰР»(ГОР) деп аталған(Эшби Муата Ахбая.Воскресение Осириса.Древнеегипетскиая Библия.»София»1998.).

ҚҰР  ЕС(Христос), ҚҰР  ҚҰТ(Қорқұт).

Ал Шумер құдайының аты Дингир аталған.Дұрысы «ТЕҢ-ҚҰР». Қазақша Тәңір. Бейнелеу өнеріндегі бейнесі өлшеуіш ұстаған құдай бейнесінің суреттері көптен белгілі.Яғни тең құраушы.

Сурет: Ж.Берістеннің мұрағатынан алынды.

Бұл шығармалар әлем тарихының белгілі бір нақты сәтін — Әлемнің жаратылуын бейнелейді. Естеріңізде болса, бірінші күні Құдай аспан мен жерді, екінші күні сулардың арасындағы аспанды жаратып, әрі қарай жалғастырған. Ортағасырлық шеберлердің Тәңірге бұл үдерісте өлшеу құралдары қажет болды деп пайымдауы әбден қисынды. Өйткені геометрия мен математика — дүниедегі ең маңызды ғылымдардың бірі. Ал әлемнің өзі — үйлесім мен симметрияның мінсіз көрінісі. Демек, мұнда циркульдің қолданылғаны анық! (Сірә, сызғыш та болған шығар, бірақ оны бейнелеу циркуль сияқты қызық емес.) Осындай Жаратушыны (Құдай Әкені) өнертануда тіпті «Құдай-Геометр» деген эпитетпен атаған. Ал теологтарда бұған ұқсас: «Әлемнің Ұлы сәулетшісі»тағы бір атауы бар.

Киелі кітаптағы аңыздарды терең зерттеген Шрадер семиттердің өздерінің эпикалық дәстүрлерін дербес түрде дамытуға қабілетсіз болғанын табанды түрде дәлелдеді. (Cooper Jerold. Sumerian and Arian: 1 Rasial  teory, Academik Politics and Parisian Assyrology. Revue de I Histoire des Religions.Paris1993, 180–181).

Шрадер Иштардың семиттік аңыздарының толығымен шумерлік шығу тегі бар екенін дәлелдеді. Ол сондай-ақ семиттер иеленген жазу жүйесі, мифология, құдайлар пантеоны және басқа да мәдени элементтердің Вавилондағы семиттік емес халыққа тиесілі болғанын дәлелдеді.Бүгінде қазіргі құдай кітабы аталып жүрген Библяның плагиат кітап екені, яғни Шумер жазбаларынан алынғаны дәледенген.

Э.Шрадердің пікірінше, вавилондықтар, финикиялықтар, Вавилонның солтүстігіндегі еврейлер және жалпы семиттер Месопотамияның байырғы халқы болмаған, олар Арабиядан келіп, елдің шығысы мен оңтүстігіне таралған( Cooper Jerold. Sumerian and Arian: 1 Rasial  teory, Academik Politics and Parisian Assyrology. Revue de I Histoire des Religions.Paris.1993, 182).

Шрадер еврейлердің пайғамбарлық қабілетке семиттік емес Вавилон халқымен байланыс орнатқаннан кейін ғана ие болғанын айтқан. Семиттер монотеизм идеясын оңтүстік Месопотамиядағы турандық халықтан қабылдаған. Жалпы тарихта Палестина болғанымен Исрайл деген ел мүлде болмаған.

Бүкіл зерттеулер түйін египеттіктердің тегі  сақтар  деп толық мойындалған.

Жаңбырдың көзі ретінде құнарлылықты қамтамасыз ететін аспан құдайы Анның эпитеттерінің бірі «көбеюші бұқа» болған.Бұқа бұл образды бейне.

Ан құдайының екі ұлы болған: Энлиль және Энки. Екеуі де әкелері Ан сияқты бұқа бейнесінде болған. Олар бұқа мүйіздері бар тәж киген күйде бейнеленген.

«Энки және дүниенің тәртібі» мәтінінде Ан құдайының ұлы Энки «бұқадан туған бұқа» деп аталады. Бұл тіркес оның көбею қабілетін білдіреді және жалпы құнарлылық ұғымымен байланысты.Құдайды білдіретін оның логограммасының оқылымдарының бірі «үлкен, айбынды, орасан зор» деген мағынаны білдіреді. Бұл белгінің дингир теонимінің қысқартылған түрі ретінде қабылданатынын атап көрсете отырып, Ж.Доссин Иштар есімін Илтаран немесе Илтуран түрінде де оқуға болатынын жазады( Dossin G. An Ka. Di, Ie dieu supreme de Der. Sah.76–78; Kramer Anniversary Volume.Neukirchen: 1976).

Шумер тілінде Ил/Илу – «Құдай» дегенді білдіреді, ал Илтуран немесе Эльтуран атауы ежелгі туран тілінде «Тұранның Құдайы» деген мағына береді. Шумер аңызына сәйкес, Гуза деп аталатын билеушілер тағы көктегі құдай тарапынан өзі таңдаған адамға берілген және оған құт – құдайдың рақымы немесе қасиетті күш – дарытылған. Аңыз бойынша, Шумердегі патша тағы алғаш рет Эриду қаласының билеушісіне берілген. Оның алғашқы иесі Алулим болып, ол 28 000 жыл билік жүргізген.

Төртінші Қорытынды. Қазақта «Әлім Сақтан қазақ қазақ болған»-деген сөз сол заманнан қалған. Алулим патша заманынан қазақ қазақ болған. Әлім сақтан қазақ деген Қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына иіліп, сіңісіп кеткен нұсқасы.

Негізі жазылуы «Алулим Сақтан қазақ қазақ болған». Қазақ термині ежелгі деректер сақталған және Иерусалим қаласының қасында қазақ деген қала да бар. Иерусалим ол түркілер қаласы. Ал Бехистун жазуында «Скун Қа Сақ» деп анық жазылып тұр. Ал орыс ғылымы оны Скунка сақ деп аударған.Скунка деп адам етіп жіберген. Ирусалим қаласының қасындағы Қазақ деген қаланы қазан деп аударып жіберген. 1855 жылы К.Э.Норрис жазбаны оқып семитке де, Арийлерге де, келмейтінін,  таза туран тілі екенін жазған(Norris Edwin. Memoir on the Scythic version of the Behistun Inscription.London.1852,1). Ол кезде  семиттер мен ариийлер  тарих сахнасына шықпаған халықтар еді. Геродот оларды «Азиялық скифтер» немесе «Сака» деп атаған. Бұл түрлі атаулар — бір халықтың әртүрлі кезеңдер мен тілдердегі баламасы. Ассирия патшасы Ассархаддон мен Ашшурбанипалдың жазбаларында сақтар «ишкуза» деп аталады. Бұл атау б.з.д. VII ғасырдағы ассириялық сына жазбаларында сақталған.Бұл атау скифтердің (сақтардың) Алдыңғы Азияға жорық жасаған кезеңіне байланысты. «Қа Қан», «Қаған» деген сияқты «Қа сақ», сақтардың ең жоғарғысы деген мағына береді.

Шумер мифологиясында Алу – Анның құдайлық бұқасының атауы, ал илу «құдай» деген мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда, Алулим сөзі «Құдайдың бұқасы» деп аударылады(Delitzsch Fridrich.Sumerisches Glossar.leipzig: 1896, 60).

Ағылшын ассирологы Вейдель Шумердің алғашқы билеушісі Алулимнің тағы бір аты Укус болғанын жазады(Waddell L. Egiptian Cgiptian Civilization: its Sumerian origin.London1930, 204).

Бұған «укус» сөзінің түркі тіліндегі қазіргі «өгіз» сөзінің ежелгі фонетикалық формасы болғанын да қосуға болады.

Бесінші қорытынды.Қазақта «Қарға тамырлы қазақ» деген семантикасы анықталмаған құпия сөз бар. Бұл сөздің Қарға деген құсқа еш қатысы жоқ. Дұрысы «Құр тамырлы қазақ». Жаратушымен тамырлас қазақ.Егиепеттің Құр құдай мен Шумердің Дингир құдайының түп негіз құр. Құр тамырлы дегеніміз Дүние жаратылған кездегі жаратушымен бірге болған қазақ дегенді білдіреді.

Ежелгі Гректің 300 ден аса ғалымдары сақтар туралы жазба қалдырған. Ежелгі рим тарихшысы Марк Юниан Юстин (ғасырмыздың 1,ғасыры) «Скиф тайпалары ең көне болып есептеледі(Латышев В.В. Известия древних писателей о Скифии и Кавказе., 1949.т.1.,с.249.т.1,2,3,4.). Латын тарихшысы Помпей Трот(біздің жыл санауымыздың   соңғы ғасырында өмір сүрген)  1500жыл Азия оларға алым салық төлеп тұрған дейді.  Осыған қарап қандай дәрежеде тұрған көруге болады.

Бұл сөздің тереңдігін Шумер тарихында өте терең сақталған. Сөзді Шумерлерден бастасақ. Бас құдайының аты Дингир.Ғалымдар Шумер, Қосөзен, Месопотами деп атағанмен Шубари деген тағы бір атауы бар(Гельмолд Г.История человечества. Т 2,3.СПб,1904,т.3).

Шығыстанушы И.М.Дьяконов «Шумерлер араб, еврей және ассириялықтардан бөлек халық деген»( Дьяконов  И.М. Люди города Ура. М.: Наука.,1990, с.46).

Шумердің «Гильгамеш дастаны — адамзат тарихындағы ең көне әдеби ескерткіштердің бірі...» Шумер тілінде бұл кейіпкердің есімі "Bil.ga.mes" (кейде "Bilgames") түрінде жазылған. Бұл — шумерлік транскрипцияға барынша жақын нұсқа."Білге қаған" деген атақ тарихта бір ғана нақты тарихи тұлғаға — Күлтегіннің ағасы, Екінші Түрік қағандығының ұлы билеушісі — Моғилян (Могилян) қағанға қатысты кеңінен және ресми түрде қолданылған. (Билік құрған жылдары: 716–734 жж). «Найман ханы Білге хан» — бұл нақты тарихи тұлға. Білге хан — Найман хандығының соңғы билеушілерінің бірі, XIII ғасырда өмір сүрген, Күшлік ханның атасы. Недеген сабақтастық десеңші.

Шумер мен Египеттіктер бір тілде сөйлеген. Шумер, Египет, Скифтер ешқашан балық жемеген. Шошқа асырамаған. Неміс ғалымы Ф. Хоммель Шумерияда әкесін – Атта, анасы – Анна, ұлы – Увул (ЭС.Энциклопедический словарь, т6-80,СПб.1891-1904., 1901, т.63, б.62) деп жазады.  Анна, Увулдың сөздері шамалы бұрмаланулармен берілген. Жоғарыда халдей шежірешісі Беросистің "Месопотамияның Топан судан кейінгі өркениеті өзінің пайда болуымен Оаннешке қарыздар болды, ол теңізден шыққаннан кейін адамдарға егіншілік, қала құрылысын, өнер, ғылым және дін туралы үйретті" (БеловА.И. Магические ритуалы древних цивлизаций.М.,, 2008, 27-28 стр). «О, Анна,.  О, Шу-Анна» деп сиынған. Шу-Анна -су құдайының аты. Анна-ана; Шу (Шыв) – су; сөздің басында "О" – деген лепті сөйлемді аңғарыңдар.

«О, баста». «Одүние» -деген Түрік тілдеріне, әіресе Қазақтарға тән. О деген лепті сөйлем. О деген аса биік лепті сөйлемнен аса тереңдік, ғажайып шексіздіктің бір бастау нүктесі анық сезіледі. Қазақ айтады: «Су анасы бұлақ» деп.

Шумердің «О-ане» ғибадатханасының атауы сақталған (История древнего востока.Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладелческой цивлизации., ч1,М.-Л . 1983, 108 стр.). Бұл ғибадатхана Урук қаласындағы ең көне ғибадатханалардың бірі. Ол Шумерияда «Инана» деп аталатын құдай қыздың ғибадатханасы деп аталды (История древнего востока.Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладелческой цивлизации., ч1,М.-Л . 1983,  108ст). Қазақша дыбысталуда «Ін Ана» деп нақты түсіндіріледі. Қазақ сөзіндегі «Кел Ін», «Құт Ін» сөздерінің шығу тегі бір. Шумердің әйгілі ғибадатханаларының екінші атауы енді "NN" - ғибадатханасы деп аталды. Бұл нақтысында «Ен Ін»- деп оқылу керек. Еуропалық ны дыбысын ен деп оқиды.

"Шумер" -Қазақ сөзі. Қазақтың "шу" сөзінің бір баламасы "баланың жолдасы" деген мағына береді. Қазақтың "шу" сөзі орысшаға және басқа тілдерге "плацента" деп аударылады. Шу - баланың жолдасы - плацента - ана мен баланы жалғаушы - өмірді жалғаушы - өмір беруші. «Мөр» -сөзі қазақта куәландырушы, растайтын ресми белгі. Егерде шумерліктер адам қалай жасағаны туралы қыш тақтайшалар анық жазылса біздің анықтамамыз мөр сөзіміз сәйкес келеді.

Қорытынды. Ал Інжілдегі Адам есімінің негізі болған шумерлік «Адаму» сөзі бастапқыда адам есімі болмаған. Адаму — «жерлік», «жерден жаратылған» деген мағынаны білдіреді. Яғни бұл адамның аты емес, оның санаты. Модельдің атауы.Өнімнің белгіленуі. Ал шумер дереккөздері бұл оқиғаны әлдеқайда прагматикалық әрі техникалық тілмен баяндайды: мінсіз құл жасау үшін Энки құдайы жердің сазын жоғары жаратылыстың қанымен араластыруды бұйырған. Яғни генетикалық модификацияның дәл сипаттамасы. Мөрленген жатыр, «Шу мөр». Су жер деген қарпайым атауды олар қабылдамасы анық. Шумерге Семит пен ари өздері жоқ болса ешқандай атау бере алмайды. «Шумөр» нағыз құдайдың назары ауған жер.

Осы оқиғалардың барлығы экстракорпоралды ұрықтандыру мен суррогат ана болудың көне замандағы нұсқалары Шумөрде болған деп түсінуге болады. Бірақ Шумер мен Египетке барғанша олар орта Азиядан барды ғой.Ұлы Тұран даласында онда алғашқы адамдар осы жерде өніп көбейген. Шумер жерінде тағы қосымша адамдарды көбейткен. Біздің болжам бойынша Байкал, Алтай, Алатау, Шу Меркіт аймағы, Ферғана жазықтары адам баласының нағыз көбейу орталықтары болған.

Шумерде Ұл ұғымы – Ұлұл (ұлы) сөзімен берілген. Неміс ғалымы Ф. Хоммельдің жазбасында Аттас – Атте-би – билік жүргізуші әкесі; Аттас-би – Шумер әкесінің аты. Аттас-би – билік жүргізуші адам. Ренал – Ұлы. Би деген сөздің түп төркіні Шумерде сақталған.

Шумерде әкесінің аты Аттас-би, ал шешесінің аты Анна деп көрсетіледі. Би билеуші, басқарушы деген дәреже Шумерде сақталып тұр. Қаза тарихы билер ерекше роль атқарады. Вавилон патшасы Хаммурапи (1792-1750 ж. ж. билік құрған) Киелі кітапта Амрафел есімімен аталады, бұл есім бұрмаланған Самар афел – Самар Абел – Самардың ұлы (Шумер), хет – ұ тіліндегі Ұлы сөзі Авилус, Ассирияда – Абил, араб тілінде – Ибн. Осы сөздердің барлығының негізінде Шумер Реналы (Ұлы) жатыр.

Шығыстанушылардың пікірінше, шумерлерде патша титулы – лугаль (История древнего востока.Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладелческой цивлизации., ч1,М.-Л ., 1983, ч.1, с.168). Шумерлерде мынадай дәстүр болған: Жаңа жыл мерекесінде тірі патшаны уақытша тағынан түсіріп, оның орнына уақытша құл немесе кедейді отырғызған. Бұл уақытша патшаны халық "шар пұхиш" деп атаған (История древнего востока.Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладелческой цивлизации., ч1,М.-Л . 1983,  с.450).Бай кедейдің теңелуі бұл көбінесе Наурызда болатын дәстүр. Наурыз мерекесі Тұран жерінен Шумерге барған.

Шумер қыш тақта жазунда "патиси" деген сөз жиі кездеседі. Бұл сөз – жеңген және жеңілген патшалар арасындағы келісімнің белгісі болған, яғни "жеңімпаз қаланың патшасы" деген мағынада. Бұл титул алғаш рет Патәше деген патшадан тарайды. Патәше – Паттар Шар сөзінен туындаған (Батыр патша). Бұл сөз шумер тіліндегі Паттар Шар (батыр патша) тіркесінен шыққан.Паттар Шар (немесе Паттарша, Патайша, Патша) ұғымдары патша сөзінің синонимі болып саналған.

Сондай-ақ, шумерлер өзге елдерді жаулап алған патшаларды Паттар Шар деп атаған. Бұл титул Патиша (Патша) ретінде иран тілдеріне енді. Ассирияның алғашқы билеушілері (б.з.д. 19 ғ.) "арийлік Патис" есімін алған (ЭС.Энциклопедический словарь, т3,СПб.1891-1904., 1893 т.3, с.326). Патис – Патша-гегемонның титулы

Жоғарыда халдей шежірешісі Беросстың дерегі келтірілген: "Ежелгі Вавилон билеушісі түсінде болатын топанды көрген. Осыдан кейін ол адамзат тарихын балшық тақтаға жазып, адамзаттың жаратылуы мен өркениетінің бастауын белгілеген. Бұл қала – Вавилон, яғни Күн қаласы" (БеловА.И. Магические ритуалы древних цивлизаций.М.,, 2008, ст 27-28 беттер) Күн қаласы – шумер қаласының көне атауы. Бұл атау "БабИли" деп те аталған. Батыс семит тілінде "б" мен "в" дыбыстары ауысып қолданыла береді. Осыдан "Бабил" нұсқасы пайда болған. Вавилон атауы Киелі кітапта дәл осылай жазылған. Топан су бүкіл әлемді қамтымаған.Оған геологиялық еш ғылыми дерек жоқ. Ол оңтүстік континентті ғана қамтыған.

Библяның бірінші кітабы «Бытие» грек тілінде Торгал(ЭС, 1893,т.3,с.326) деп жазылады. Арамей тілінен латын тілінен аударған «гал» деген «хал» сөзінің өзгерген түрінде түсіндірме жазған.Халах сөзінің қысқарған түрі.Торгал- бұл төрдегі халық, Ф.Хоммел деген неміс ғалымы әкені –АТТА, ананы АННА, Ұлды Увул(ЭС ЭС.Энциклопедический словарь,,1901, т.63,с.62).

Хундар тарихы туралы жазған қытай: «Хундар шет елдік халықтар арасында ұлы мемлекеттер құра білді деп жазған(Бичурин Н.Я. Собр.сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М-Л., ч.1-2,.1950.ч.2,с.185.). Орта Азилық Тұрандықтар Тибет, Қыытай, Үнді жерлеріне аса қатты әсер еткен.Қытай жазуын алғаш египеттік негізі бар деп жазған атақты Шампольон болатын (Шампольон Ж.Ф.О египетском иероглифическом алфавите.Л.,1950.с.110.). Жалпылама түрде айтқанда, ежелгі қытай мен буудизм философиясындағы инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топтарға жіктеуге болады:

ІН-ЕН(Инь және ян) бүкіл әлемдік хаосты реттеуші бастау болып табылады. ІН-ЕН(Инь, ян) ілімін Ұлы жалпы заң деп атайды. Ауысу, өзгеру және толықтыру құбылыстары ін мен енннің (инь мен янның) өзара қатынасқа түсуі нәтижесінде жүзеге асып жатады. Ін, ен ұғымдары жаhандағының бәрі екі қарама-қарсы жақтардан құралғанын бейнелейді, шексіз екі қарама-қарсы жақтар бар. Дүние шексіз, ін, ен бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Инь мен Ян – қытай философиясының басты ұғымы. Ол әлемдегі екі қарама-қарсы күштің бірлігі мен тепе-теңдігін көрсетеді

Сурет: Ж.Берістеннің мұрағатынан алынды.

Байланыс: Екі күш бір-бірін толықтырады және үздіксіз қозғалыста. Қорытынды.Қазақтың үйленгенде айтатын лепті құттықтау жыр сөзі «Жар - жар» - ол осы ін-еннің сөздік нұсқасы. Қазақ сөзінде «ІН ЕН» деп анық түсінікті жазылған. Торгал- бұл төрдегі халық, Ф.Хоммел деген неміс ғалымы әкені –АТТА, ананы АННА, Ұлды Увул(ЭС ЭС.Энциклопедический словарь,,1901, т.63,с.62).Әлемге төріндегі халық тұрандықтар екенін ешкім таласпаса  керек.Ұлы Қазақ даласы әлемдік өркениттердің дамуының нағыз эпицентрі болған. Өйткені Тұр деген ұл, еркек деген мағына береді(Hinks Edward.On the Poliphonia of the Assyrio-Babylonian Cuneiform Writing.1863.6). Египет, Шуме, Крит Микен мәдениеттері және Тұран өркениеттері күн балалары болып есептеледі.

Қазақ болу ұлы мәртебе.Егерде жұмақтың рәмізі алма болса ол жер Алматы жері ғой .Жұмақтың төрі қазақ жері неге ұлы емес. Ұлы қазақ даласы ғой.Неге қазақ даласы Ұлы Қазақ даласы емес.

Мысалы, Иеремия 5:15–17:

«Міне, сендерге қарсы алыс жерден бір ұлт әкелемін, — дейді Жаратқан Ие.
Бұл көне де мықты ұлт, оның тілін сен түсінбейсің.
Олардың қорамса ашық қабірдей,
Бәрі де батыр жауынгерлер.».

Бұл үзіндіде Құдай Израиль халқына қарсы бір жазалаушы ұлтты (кейбір түсіндірмеде скифтер деп болжанады) жіберетінін айтады.Ол кезде құдайдың қасында болған.

Иә, Иеремия кітабында "Құдай сендерді жазалайды", "жаза келеді", "жаза тартасыңдар" деген сияқты сөздер жиі кездеседі, себебі бұл кітаптың негізгі тақырыптарының бірі — Израиль халқының күнәлары үшін Құдайдың әділ жазасы туралы ескерту.

Барлық замандарда қазақ жаратушыға адал болған.Тәңірін еш сатпаған.Қазақ Төр халық. Адамның балары.  Адамзатты жаратуға қатысқан Аннунакилер ол шын мәніндегі адамзаттан бұрынғы өркениеттің жоғары сатысындағы гуманоид адамдар еді. Аннунаки  «Ен ін ака» деп оқылады. Енінакалар бірақ құдайлар емес. Шумер қыш жазбаларда құдайдың образды емес шын атауыда жазылған.

«Өткенге иелік еткен адам болашаққа да иелік етеді. Естелік Залдарының кілттерін жасырып отырған адам ежелгі тастардан қорықпайды — ол сенің Жаныңның оянуынан қорқады. Сені ұмыттырмай тұрып, өзіңнің кім болғаныңды есіңе түсір. Өйткені ұмытшақтықта — бұғау, ал Естелікте — Жұлдыздар Қақпасы бар».

— Тоттың, Аменти Сақшысының дірілдік шежірелерінен.

Құдайдың шын атауын қазақтар ұмытып қалған мен мәдениетінде сақталған. Арагідік кейде ғана айтылады. Айналаңа көз сал, көзқарасыңды тұмшалаған пердені алып таста да, бойыңдағы аздаған болса да сау ақылдың дауысын тыңда. Егер сен өз Тегіңмен байланысты қайта қалпына келтірмесең, егер өз Көлеңкеңе үңілмесең, егер ата-бабаларыңмен жалғасқан жіпті үзіп, биоробот секілді өмір сүрсең — Аменти залдары сен үшін жансыз жартас кесегі болып қала береді.

Египет Сақтаушысының тақташаларында былай деп жазылған:

«Көпшілік тәнімен кіреді — бірақ Жанымен қайта шықпайды. Көпшілік Білімге құштар болады — бірақ төзгісіз Нұрдың жалынында күйіп кетеді.

Өйткені Кілт пирамиданың түбінде жатқан жоқ. Кілт — сенің кім екеніңде.

Өзіңді есіңе ал — сонда Қақпалар құлайды».

Қазақтардың алды енді оянып үлгерді.Көресін айдың балаларынан көріп келген қазақ енді жеңілмейді.Тәңірім жар болсын қазаққа!

Жанарбек Берістен,

ф.ғ.д., Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының лауреаты, Халықаралық Тұран суретшілер консолидациясының президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1311
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1863