Зеленский: Біз жерімізден бас тартпаймыз!
Украина президенті Түркияға жасаған сапары барысында түрік БАҚ-тарына сұхбат беріп, былай деді:
- Біз Ресей уақытша басып алған шығыс аймақтарымыз бен Қырым ресейдікі болады дегенге келісе алмаймыз. Бұған келісу - Конституциямызды аяққа таптау һәм қоғамымыздың сенімін сатып кету деген сөз. Ал Ресейдің қалауы осы. Арағайыншы жасауға ниетті әр түрлі адамдар арқылы жерден бас тартуымызды талапетуде. Осы талаптың өзі қисынға келмейтін, кертартпа талап, - деді.
Ал OSINT сарапшылары: "Украина Ресейдің мұнай өңдеу қуатының 10%-ға жуығын үш күнде істен шығарды", - дейді.
Бұл жолы Украина соққыларының көздігіне Кстов, Новокуйбышев мұнай өңдеу зауыттары және «Башнефть-Новойл» кәсіпорны ілікті.
Олардың жалпы жылдық өңдеу қуаты шамамен 33 млн тонна мұнайды құрайды — бұл Ресейдегі барлық мұнай өңдеу қуатының шамамен 10%-ы.
Шабуылдар көзге көрінерліктей зақым келтіруде: Бір соққыдан кейін бірден бірнеше технологиялық қондырғы, соның ішінде мұнайды бастапқы және екінші рет өңдеу қондырғылары істен шығып қалуы мүмкін.
Бұған дейін Украина АҚШ Президенті әкімшілігінің өтінішімен екі апта бойы Ресейдің МӨЗ-деріне соққы жасаудан тартынып келген. Ал Ресей болса шабуылдарын тоқтатқан жоқ.
Abai.kz