Боқаев сәтті бейнеролик түсіру үшін гранит тақталарды сатып алуға екі рет ақша төлегенін мойындады
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотындаСанжар Боқаевтан жауап алу жалғасып жатыр. Бұл жолы сөз гранит тақталарды ұрлау, «Баум» тоғайындағы ағаштарды кесу және көрінеу жалғанақпарат тарату эпизодтары туралы болды. Айыпталушы сапалы бейнеролик түсірумақсатында тақталарды қайта сатып алуды өзіқаржыландырғанын мойындап, оны ұйымдастыру бойынша жауапкершілікті Бақытжан есімді белгісізадамға жүктеуге тырысқанын айтты.
Боқаев гранит тақталарды сатып алу екі рет те өзінің қаражаты есебінен жүргізілгенін растады. Оның айтуынша, алғашқы әрекеттің нәтижесібейнетүсірілім сапасының төмен болуынабайланысты көңілінен шықпаған. Сондықтан олқайтадан ақша бөліп, «әшкерелеуге» бағытталғанбейнероликке қажетті кадрларға қол жеткізу үшінекінші рет тақталарды сатып алу жұмысына өзі де қатысқан. Ол бұл әрекетін қоғамдық бақылаумақсатымен түсіндірді.
Сонымен қатар ол алғашқы бейнежазбаныалғаннан кейін не себепті полицияға жүгінбегеніннақты түсіндіре алмады. Тек бейнежазбадаарнайы техниканың түрін анықтау мүмкінболмағанын алға тартты. Боқаев демонтаждалғантақталардың нақты санын да атай алмады, тек олардың бірнеше мың дана болғанын шамалапайтты.
Гранит тақталарды сатып алуды ұйымдастыруғажәне Баум тоғайындағы ағаштарды кесугеқатысты жауапкершілікті Боқаев Бақытжан дептаныстырған әлдебір адамға жүктеді. Оныңайтуынша, бұл адаммен ол ешқашан жекекездеспеген және кейін онымен байланыс үзілген.
Алайда бұл нұсқа іс материалдарында бұрынзерттелген деректерге қайшы келеді. Ағаштардыкесуді орындаған Ақылбек Хамракулов жауап алукезінде Бақытжан деген адамның Боқаевтың өзіекенін айтқан. Бұдан бөлек, сотта Боқаев пен Хамракулов алмасқан хаттар да зерттелген. Ондаақша беру туралы хабарламалар және алғашқыбейнетүсірілімнің сапасына қатыстынаразылықтар тіркелген.
Сондай-ақ, Боқаевтың Хамракуловтың адвокаты Д. Ахметовпен жазысқан хаттары да қаралған. Бұл хат-хабарда Боқаев адвокаттанХамракуловқа үндемеуін жеткізуді сұраған.
Жалған ақпарат таратуға, жаяу жүргіншілерөткелдерін жөндеу және «Атакент» аумағынабаттандыру туралы бейнероликтерге қатыстыэпизодтар бойынша Боқаев бұқаралық ақпаратқұралдарындағы жарияланымдар мен үшіншітұлғалардың материалдарына сүйенгенін айтты.
Осылайша, ол ақпаратты жарияламас бұрыноның дұрыстығын тексермегенін іс жүзіндемойындады. Айыпталушы «Атакент» аумағындамемлекеттік меншік нысандарының бар екенін тек сотқа дейінгі тергеу барысында ғана білгенінмәлімдеді. Оның үстіне, кешеннің нақты қай бөлігімемлекет меншігіне тиесілі екенін әлі күнге дейінбілмейтінін айтты.
Бұған дейін Боқаевтан алаяқтық жасау жәнеқылмыстық жолмен алынған қаражаттызаңдастыру эпизодтары бойынша жауап алынғанболатын. Сол кезде ол BM Trust компаниясын ісжүзінде өзі басқарғанын, компанияның мөрі өзініңкабинетінде сақталғанын және қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру жөнінде тапсырмаларбергенін мойындаған.
Бұдан бөлек, ағаштарды кесу эпизоды бойыншажәбірленуші тарап медиациядан бас тартқаннанкейін Боқаев адвокаттары келтірілген залалдыөтеу үшін «Медеу Парк» мекемесінен төлемшотын сұратқан. Ал бір күн бұрын олар«ҚазТрансГаз» кәсіподағымен медиациялықкелісімге келу жөнінде келіссөздер жүргізу үшінуақыт беруді өтінген.
Abai.kz