Жұма, 27 Қараша 2026
Жаңалықтар 136 0 пікір 27 Қараша, 2026 сағат 13:25

Боқаев ісі: Қорғаушылар өз уәждерінен шатасып кетті...

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотындаСанжар Боқаев пен Мадияр Қалменовтің ісібойынша өткен тараптардың жарыссөзіндеолардың адвокаттары екі сотталушыға да бас бостандығынан айыруға байланысты емесжаза тағайындауды сұрады. Алайдақорғаушылар ортақ ұстаным білдірудің орнына, бір-біріне қайшы келетін пікірлер айтып, өзарадауласты, заң баптарын шатастырды және кейтұста өздерінің дәлелдерін өздері жоққашығарды.

Боқаевтың өзі соңғы сөзінде гранит тақталармен Баум тоғайындағы ағаштардың кесілуінеқатысты эпизодтарды айналып өтуді жөн көрді. Ал оның қорғаушылары аудиожазбалардыңжол берілетін дәлел ретінде танылуына күмәнкелтіруге тырысты. Алайда ондағы әңгіменің мазмұнына қарсы нақты уәж келтіре алмады. Сонымен қатар адвокат Асқаров гранит тақталарды «құрылыс қалдықтары» деп атады. Осылайша, ол Боқаевтың өзінің әшкерелеумақсатында түсірілген бейнероликті іс жүзінде құнсыздандырып жіберсе, ал оның әріптесі Куряченко тақталардың ұрлығын «бақылау мақсатындағы сатып алу» деп сипаттап, оқиғаның алдын ала ұйымдастырылғанын жанама түрде растады.

Куряченко Баум тоғайындағы ағаштардың кесілуін де қала тұрғындарының игілігі үшін жасалған «ізгі мақсатпен» ақтауға тырысты. Ал адвокат Мусина Хамракуловтың бұл іске қатысуын күштік құрылымдардың арандатуымен түсіндірді. Алайда «менің ойымша», «сірә» деген сөздерден басқа ешқандай дәлел келтірмеді.

Мұндай жағдайда қорғау тарапының тағы бір әрекеті тіпті қисынсыз көрінді: Боқаевтың ағаш кесуге кінәлі екенін жоққа шығара отырып, адвокаттар бір мезгілде «Медеу паркімен» медиация рәсімін бастауды ұсынып, келтірілген залалды өтеу үшін төлем деректемелерін сұратқан.

«ҚазТрансГаз» кәсіподағы мен автошеруге қатысты эпизод бойынша қос сотталушыныңқорғаушыларының ұстанымы тіпті екіге жарылды. Қалменов жарыссөзде сөз сөйлеуден бас тартты. Ал оның адвокаты Жолдасбаев қорғауындағы азаматтың «BM Trust» ЖШС-нің тек номиналды директоры болғанын және ақша қаражатын бақыламағанын ашық мәлімдеді. Осылайша, ол жауапкершілікті іс жүзінде Боқаевтың мойнына жүктеді.

Мусина да жағдайды ушықтыра түсті. Ол автошеруді қаржыландыруға қатысты кәсіподақ отырысы жалған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Мұндай мәлімдеме қорғау тарапының мәмілелердің заңдылығы туралы негізгі уәжіне қайшы келді.

Жолдасбаев BM Trust компаниясының шығындарын растау үшін келтірген дәлелдердің арасында қызықты жайт болды. Адвокат 2018 жылғы қыркүйекте сатып алынған-мыс деген «Нұр-Сұлтан – Бейжің» бағыты бойынша әуе билеттерін көрсетті. Алайда ол кезде Астана әлі Нұр-Сұлтан болып өзгертілмеген еді: елорда бұл атауды тек жарты жылдан кейін алды.

Жарыссөз барысында өрескел қателіктер де болды. Адвокат Асқаров айыптаудың бір бабын шатастырып, жалған ақпарат таратуға қатысты 274-баптың орнына ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру бабын атады.

Мусина әуелі қорғау тарапының іс материалдарындағы бейнежазбаларға қол жеткізу мүмкіндігі шектелгеніне шағымданды. Алайда сол сөзінің барысында қорғаушылардың аталған видеоларды қарап, талдап шыққанын өзі мойындады. Бұған қоса, ағаштарды кесу әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабын елемей, әкімшілік айыппұл деңгейіндегі құқық бұзушылық ретінде көрсетуге тырысты.

Боқаевтың қоғамдық қызметінің ашықтығы және жаяу жүргіншілер өткелдеріне қатысты бейнероликтерінің шынайылығы туралы қорғаушылардың уәждері «IZI Company KZ» ЖШС мердігерінің айғақтарымен де, үшінші айыпталушы Нүсіпқожаның сөздерімен де үйлеспеді. Бұған дейін Нүсіпқожа Боқаевтың өзіне WhatsApp-тағы хат алмасуды өшіруді тапсырғанын айтқан болатын. Ал соңғы сөзінде ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген еді.

Abai.kz

0 пікір