Жексенбі, 29 Қараша 2026
116 0 пікір 29 Қараша, 2026 сағат 10:38

Алматыда дауыс беру күні мерекелік көңіл күймен және алғашқы сайлаушылармен басталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды

29 қараша күні таңертең Алматы қаласында 670 сайлау учаскесі ашылды. Дауыс беру басталған алғашқы минуттардан-ақ Жетісу ауданының №337 және №343 сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалды. Екі учаскеде 150-ден астам адам дауыс беріп үлгерген.

Алматылықтар сайлауға көтеріңкі көңіл күймен келуде. Олардың көпшілігі отбасымен бірге дауыс беруге келген. №57 және №43 мектептерде орналасқан сайлау учаскелерінде «Менің таңдауым» атты тақырыптық фотозоналар ұйымдастырылған. Сонымен қатар Алматы тарихына арналған кітаптар көрмесі, балалардың суреттері мен қыш өнері бұйымдарының көрмесі қойылған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталады.

Дауыс берушілер қатарында әртүрлі буын өкілдері бар. Олардың арасында жастар да, аға буын өкілдері де кездеседі.

Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің бірінің айтуынша, Жетісу ауданының тұрғындары сайлауға дәстүрлі түрде белсенді қатысады.

№343 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып 90 жастағы Борис Пирог дауыс берді. Отставкадағы офицер Жетісу ауданында 25 жылдан астам уақыт тұрады. Осы уақыт аралығында бірде-бір сайлауды жібермеген.

Сайлау комиссиясының мүшелері Борис Пирогты жақсы таниды. Оған деген құрметтің белгісі ретінде комиссия төрайымы естелік сыйлық табыстады.

Еске салайық, Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Abai.kz

0 пікір