«Ел бірлігі» дегеніміз не?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВҚА, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗДАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ
АШЫҚ ХАТ
Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің атыңызға қазақ тіліне Мемлекеттік мәртебе берілуінің 20 жылдығына орай, еліміздегі белгілі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзімді басылым басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен, 20-қыркүйек күні Алматыдағы Республика Сарайында өткізілген «Мемлекеттік тілді қолдау акциясында» қабылданған ашық хат жолдағанымызды білесіз.
Біздің сол ашық хатымыздың атын атап, түсін түстемесе де, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 20-қазан күні, Ақордада орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте хаттағы ұсыныс, талаптарға жауап берген сыңай танытты. Мәселен, ол кісі былай деді:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВҚА, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗДАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ
АШЫҚ ХАТ
Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің атыңызға қазақ тіліне Мемлекеттік мәртебе берілуінің 20 жылдығына орай, еліміздегі белгілі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзімді басылым басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен, 20-қыркүйек күні Алматыдағы Республика Сарайында өткізілген «Мемлекеттік тілді қолдау акциясында» қабылданған ашық хат жолдағанымызды білесіз.
Біздің сол ашық хатымыздың атын атап, түсін түстемесе де, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 20-қазан күні, Ақордада орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте хаттағы ұсыныс, талаптарға жауап берген сыңай танытты. Мәселен, ол кісі былай деді:
«...біз жекелеген шектен шыққандардың елдегі қазақ тілінің жағдайын қасақана, сыбай сынды төндіретін, процесті атүсті, жасанды түрде жеделдетуге шақыратын қандай да бір популистік және арандатушы мәлімдемелерді қабылдамаймыз. Осынау барынша нәзік саладағы радикалдық пен бір қиырдан бір қиырға кетуді де қабылдай қоймаймыз».
Сонда Қ.Саудабаев мырзаның бағалауынша, акцияға қатысқан «Нұр Отан» партиясынан бастап барлық саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, зиялылар, тіл жанашырлары, қысқасы, Сарайға жиналған 4 мыңнан астам халық шектен шыққандар, популистер, арандатушылар, радикалдар, кеудемсоқтар болғаны ма?
Біз аталған хатта тізіп көрсеткен 10 түрлі ұсыныс, талаптар, яғни, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, «Қазақстандық ұлт» идеясына тосқауыл қою, «Үш тұғырлы тіл» ұранын өзгерту, Тіл агенттігін, Тіл инспекциясын құру, ресми кездесулерде Мемлекеттік тілде сөйлеу, Инновациялық-технологиялық орталық құру, қолданбалы тілмен айналысатын институт ашу, 24 сағат мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна ашу секілді 20 жылдан бері жинақталған, кезек күттірмес мәселелерде қандай шектен шыққандық, популизм, арандату, радикалдық, кеудемсоқтық бар?
Сондай-ақ, өзіңіз басқаратын «Нұр Отан» партиясының 2007 жылғы 4-ші шілдеде кезектен тыс өткен ХІ съезінен кейінгі баспасөз мәслихатында білдірген ойыңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында тағы да қайталауыңыз бізді ғана емес, ұлтым дейтін барша қазақты қатты тіксінтіп тастағанын да айтпай тұра алмаймыз. Мәселен, Сіз 4-шілдеде былай деген болатынсыз: «...мы идем к самоидентификации - быть единым народом Казахстана. Вот, например, американцы состоят из сотни народов и наций, но называются американцами. Никто там не называет друг друга китайцем или корейцем. А твоя национальность - это твое дело... И это правильно. Потому что одна страна должна жить одним народом». Осы сөзіңізді жуырда Ассамблеяда жасаған баяндамаңызда былай толықтырдыңыз:
«Первый вопрос - что мы понимаем под национальным единством? Это значит быть сообществом сплоченных этнических, религиозных и других социокультурных групп, живущих в нашей стране. Пожалуй, самая многонациональная страна - это США, где сотни этносов, но все они - американцы. Будучи с официальным визитом в Бразилии, я отметил для себя, что и эта страна многонациональна, но все жители - бразильцы... Мы должны идти по этому пути...»
Саны көп ұлттардың саны аз ұлттарға қысым жасамауы жалпыәлемдік Адам құқы декларациясының 1, 19, 26-баптарында және халықаралық азаматтық және саяси құқықтық пактінің 1, 2-баптарында тасқа таңба басқандай етіп көрсетілген. Бірақ Ресей Федеративтік Республикасы соңғы жылдары өз қарамағындағы татар, башқұрт, ингуш, шешен, алтай, якут, бурят, құмық, балкар, т.б. ұлттарға ашық түрде қысым көрсетіп, олардың ана тіліндегі мектептерін жауып, орыстілді білім ошақтарына ауыстыруда. Мысалы, Татарстан мен Башқортостанда соңғы жылдар ішінде 3 мыңға жуық татар, башқұрт мектептері осындай күйге ұшыраған. Ресейдің жаппай орыстандыру саясатынан үлгі алған Қытай Халық Республикасы да басқа ұлт тілдеріндегі мектептерді жаппай қытайландыруға көшті. Бұрын Кеңестер Одағының құрамында болып, бүгінде егемендік туын көтерген мемлекеттердің көбі Ресейдің орыстандыру саясатына үрке қарауда. Тек Белоруссия мен Қазақстан ғана Ресейдің аз ұлттарға көрсетіп отырған зорлығын мүлде елеусіз қалдырып, онымен кедендік одақ құрып, өзгеше ортақ мәмілеге келді.
Егеменді мемлекет атанғанымызға 18 жыл болса да, сонау Патшалық Ресей тұсында және Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде кең қанат жайған орыстандыру саясатына күні бүгінге дейін баға берілген жоқ. Қайта еліміздегі ұлтсыздандыру бұрынғыдан да үдей түсті. Жарайды, Ассамблея арқылы Сіз ұсынып отырған американдық жүйеге көше қояйық. Сонда қай тілді ортақ тіл етеміз? Әрине, билік күні бүгінге дейін менсінбей келе жатқан, ертең де менсіне қоймайтын мемлекеттік тілді емес. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. (Бұл арада қандай мүдде алға шығып тұрғаны тағы белгілі).
«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған қалың көпшіліктің талқылауына ұсынылған, Қазақстан Халқы Ассамблеясы қабылдауға тиісті, «Қазақстандық ұлтты» (жұртты шатастыру мақсатында) «ел бірлігі» деген сөзбен алмастырған «Қазақстанның ел бірлігі доктринасында» «...мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады» делінген. 2006, 2007 жылдары кейбір Парламент депутаттары: «Бізде мемлекеттік тіл екеу, өйткені Ата Заңымыздың 7-бабында орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны айтылған», - деп дауласқан-ды. Сол кезгі бір депутаттың мәлімдемесіне байланысты ҚР Конституциялық Кеңесі көтерілген мәселеге орай қосымша қаулы шығарған болатын. Бірақ ол қаулыны мемлекеттік басылымдардың бірде-бірі жарияламады. Енді сол құжаттан үзінді келтірелік:
«...Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді.
...мемлекеттік рәміздерде тек қана қазақ тілінің пайдаланылуы; мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларындағы атауларының, мемлекеттің егемендігін айқындайтын мемлекеттік белгілердің (шекара бағандарында, кеден атрибуттарында және т.б.) қазақ тілінде жазылуы; мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық актілері мен өзге де ресми құжаттарының мәтіндерін қағазда және өзге де тасымалдауыштарда орналастырғанда, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғалары көпшілік алдында сөз сөйлегенде; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бланкілері мен басылымдарында; ұлттық валютада және өзге де мемлекеттік бағалы қағаздарда; Республика азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарда, мемлекет атынан берілетін өзге де құжаттарда, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметімен байланысты өзге де салаларда қазақ тіліне басымдылық беріледі».
ҚР Конституциялық Кеңесінің қосымша қаулысында көрсетілген мемлекеттік тіл иеленуге тиісті басымдықтарды билік күні бүгінге дейін байқамаған сыңай танытуда. Егер осы қаулыға заң көзімен үңілер болсақ, басқасын былай қойғанда, екі тілде басылған ұлттық теңгеміз де, Президент әкімшілігінен бастап Үкімет үйі де және олардың облыстық, қалалық, аудандық, яғни мемлекеттік ұйымдарының маңдайшалары (қоғамдық, жеке меншік орындардан басқа) тек мемлекеттік тілде жазылуы керек екен. 2010 жылдан бастап жаппай мемлекеттік тілге көшуге тиісті болатынбыз, қазір ол қаулы да көп бос әңгіменің біріне айналды. Құрылымы мен заңдылығының өзі даулы Қазақстан халқы Ассамблеясы талқылауға ұсынған Қазақстанның ел бірлігі доктринасының «Тіл саясаты саласында» атты бөлімінде мемлекеттік тіл төңірегінде жеңіл салмақты, маңызы шамалы мәселелер ғана алға тартылған. Керісінше, орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде заңдастыруға бағытталған «үш тұғырлы тіл» саясатын кезең-кезеңімен іске асыру міндеті қарастырылған. Ал ұзақ жылдардан бері жинақталған проблемалар, «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында ұсынылған талаптардың бірі де көрініс таппаған. Қысқасы, үлкенді-кішілі билік иелерінің мемлекеттік тілді дамытуға дәрмені жоқ. Өйткені олардың бәрі өзіңіздің аузыңызға ғана қарап отыр.
Сіз Ассамблеяда сөйлеген сөзіңізде Конституциялық Кеңестің қосымша қаулысына үндеспейтін «орыс тіліне мемлекеттік тілді қарсы қоюға болмайды» деген пікір айттыңыз. Сонда, бұдан былай мемлекеттік тілге мұрын шүйіре қарап, тек орыс тілінде ғана сайрайтын бір басшыға «ана тіліңізді неге менсінбейсіз?» деп ескерту жасасақ, орыс тіліне мемлекеттік тілді қарсы қойғандығымыз болмай ма?! Осы сөзіңіз арқылы «қазақ тілі уақытша, болашақта түгел орыс тіліне көшеміз деген» ойды меңзеп тұрған секілдісіз. Қазір бұл міндетті бастауын американдық ұлттан алатын «ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») идеясы атқаратынына көзі қарақты адамның күмәнданбасы айқын.
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрі болып қызмет атқарып тұрған шағында «Түркістан» газетіне берген сұхбатында (2.ХІ.2004 ж.) «Қазақстандық ұлт» деген тезисті мүлде қабылдауға болмайды», - деп мәлімдесе, өзіңіз басқаратын «Нұр Отан» партиясы жетекшілерінің бірі Ерлан Қарин тағы сол «Түркістан» газетінде (29.Х.2009 ж.) «...бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталап айтайын, мен «қазақстандық ұлт» концепциясын қолдаушылардан емеспін. Менің ойымша, ұлттық саясатта ең әуелі қазақтың бірлігін қалыптастыруды ойлау керек», - деп өз пікірін ашық білдіреді. Тіпті өз айналаңызда үлкен қызметте жүрген, ел, ұлт тағдырына немқұрайды қарамайтын адамдардың едәуір бөлігі «қазақстандық ұлтқа» яғни («ел бірлігіне») қарсы.
Алайда Қазақстанды орыстілді мемлекет етіп жасақтайтын «ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») идеясын орыстілді қауым осы жолы да дәл түсінді. Түсінді де, қуаныштарын жасыра алмады. Мысалы, Сергей Дуванов деген сарапшы былай деп жазады:
«...И третий вывод, органично вытекающий из двух первых: что в Казахстане не будет национального государства, а будет гражданское по примеру США, Бразилии, Австралии...
Согласитесь, что этим Назарбаев ставит жирную точку в общественной дискуссии о том, какой Казахстан мы строим: национальное государство казахов, в котором позволено жить остальным этносам, либо сугубо гражданское государство, названное в честь коренного этноса, но в котором вопросы этнического происхождения остаются за бортом государственной жизни.
В своем выступлении, приведя конкретный пример США, Бразилии, Франции, Назарбаев четко обозначил государственную политику в этом вопросе. В понимании Назарбаева нынешний Казахстан - это единый народ без разделения на казахов и русских, на азиатов и европейцев, на мусульман, православных, католиков и протестантов. Все проживающие в стране - ГРАЖДАНЕ и потому казахстанцы.
При всем моем критическом отношении к Назарбаеву трудно не признать, что это сильнейший ход, который однозначно обеспечит самую широкую поддержку нынешнего режима со стороны всех неказахов, а также части русскоязычных казахов» (Информационно-аналитический портал «Республика КZ»).
С.Дуванов Сіздің нені меңзеп отырғаныңызды дөп басқан.
Сіздің баяндамаңыздың «При этом развитие государственного языка не должно вести к дискриминации из-за того, что кто-то им пока не владеет. Нарушения конституционных прав наших граждан недопустимы, их должны немедленно пресекать правоохранительные органы» деген тұсы ұлтжанды қазақ перзенттерінің қолына кісен болып салынғалы тұр. Бұл талап доктринаға да ендіріліпті. Біз ендігі жерде мемлекеттік тілдің мүшкіл халін мүлде айтудан қалатын тәріздіміз. Айтсақ - жауапқа тартыламыз. Өйткені құқық қорғау орындарына әлгіндей тапсырма бердіңіз. Осы мәлімдемеңізді оқығанда 37-жылға қайта оралғанбыз ба деп қалдық. Сол заманда да дәл осылай шектеу қойылған. Мемлекеттік тілде сөйлеуге намыстанатын биліктегі кейбір қандастарымызға «мұның дұрыс емес» деуге құқымыз болмаса, ұлтымыздың жоқ жітігін түгендей алмасақ, бізге Тәуелсіздіктің қажеті қанша? Осы тапсырмаңыздың қуатын жойғызуға тиістісіз. Әлде жеткен жеріміз осы ма?
Кез келген елді жалқы ұлттық (мононациональная) деп мойындау үшін сол ұлттың бүкіл тұрғындар санының 67% пайыздық үлесі болса жеткілікті екен. Бұл халықаралық құқық пен өркениеттік қағидасының тұжырымдамасы болып табылады.
Егер біз ең байырғы және ерекше беделді, әлем мойындаған халықаралық құқық қорғаушы «Фридом Хаус» атты ұйымның (оның қамқоршыларынның санатында атышулы саясаттанушылар З.Бжезинский, Б.Ричардсон, К.Адельман және т.б. бар) құжаттарын қарасақ, онда айқын да анық мынадай анықтама берілген: «Тұрғындарының үштен екі бөлігінен астам үлесі бірегей этнос тобына жататын ел жалқы ұлттық (мононациональная), ал осы үлес үштен екі бөлігінен аспаса, ол көп ұлтты (многонациональная) деп аталынады» делінген.
Қазақ елінде жүргізілген соңғы тұрғындар санағының нәтижесі - (27.02.2009 ж.) еліміздегі қазақ ұлтының үлесі 67,8% пайызын құрап, жалпы халық санының үштен екі межесінен артқанын мәлім етті. Егер жоғарыда келтірілген халықаралық беделді, қағидалық анықтамаға сүйенсек, Қазақстан жалқы қазақ ұлтының (мононациональная) мемлекеті екендігі күмәнсіз.
Алайда Израйльде еврей ұлты 60% ғана, бірақ ол жалқы ұлттық мемлекет. Оның барлық саясаты тек қана еврейлердің жақсы тұрмыс құруына бағытталған. Біріккен Араб Әмірлігінде жергілікті араб ұлты 20% құрайды және тек солар ғана мұнайдың игілігін көріп отыр. Бұл жалқы ұлттық (мононациональное) мемлекеттің емес, ұлттық (национальное) мемлекеттің мысалы болып табылады.
Біз осы жайттарды ескере келе «Ел бірлігі» («Қазақстандық ұлт») доктринасының өмірге келуіне негіз болған, халықаралық құқықтық нормаларға сай келмесе де, кезінде қабылданып кеткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңды қайта қарап, Конститутцияға мүлде жаңа өзгеріс енгізу қажет деп білеміз.
Біз ешқашан да өз ұлтымызды өзге ұлттардан биік қойған емеспіз. Республикамызда өмір сүріп жатқан барлық этностар тілінің, салт-санасының, рухани құндылықтарының сақталуын, өркен жаюын қалаймыз. Сол ықылас-ниетіміз ешқашан өзгермейді. Әрине, еліміздегі әр ұлт өкілінің тілі мен рухы үлкен ауқымда қанат қағар өз түпкі Отаны бар. Орыстардікі - Ресей, өзбектердікі - Өзбекстан, немістердікі - Германия, украиндардікі - Украина, тәжіктердікі - Тәжікстан... Сонда басқа Отаны жоқ, өз ата-бабасының жерінде «ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») арқылы көп этностың біріне айналып, тілі, рухы жойылғалы тұрған қазақ халқының болашағы қалай болмақ? Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұсынылып отырған доктринада мемлекеттік тіл туралы жазылған жылы сөздердің көбі көз алдау, ойын екенін де сезіп отырмыз. Үлкен билік басындағылардың бірде-біреуі баласын, қызын, тым құрыса немересін мемлекеттік тілдегі балабақшаға, мектепке бермеуінен келешекте «ел бірлігі» («қазақстандық ұлтқа») көшіретіндеріңізді шамалағанбыз. (Бірақ бүгінгі деңгейдегі жамандыққа қимап едік...) Бұл арада республикамызды мекен ететін басқа ұлт өкілдері де мықтап ойланғаны жөн. Олар тілін, салт-санасын, рухани құндылықтарын тікелей жоюға апаратын, өзінің негізгі бастауын «американдық ұлттан» алатын, тіпті Ассамблея ұсынған доктринада да аты, түпкі мақсаты жасырылған «қазақстандық ұлттың» қасіреті шаш етектен екенін есте ұстағандары ләзім. Әрбір ұлт өз тілін, өз болмысын сақтап қалуға құқылы. Қазақстан билігінің бұл қадамы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО қабылдаған заңдарға кереғар. Қазақ халқын және республикамыздағы өзге ұлт өкілдерін ұлтсыздандыруға бастайтын, бұл американдық, космиполиттік қадамға, демократиялық үрдіс аясында, ашық түрде қарсылығымызды білдіреміз!
Бәрімізге ойланар, толғанар кезең келді...
Ә.НҰРПЕЙІСОВ, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы; Қ.МЕДЕУБЕКОВ, академик, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1982-1991 жылдар аралығындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы; М.ӘЛІМБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты; М.МЫРЗАХМЕТОВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы; А.ӘШІМОВ, КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; М.ШАХАНОВ, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының, тіркелмеген «Халық рухы» демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы; Ж.ТҰЯҚБАЙ, Б.ӘБІЛЕВ, ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағалары; С.Әбділдин, Қазақстанның Коммунистік партиясының төрағасы; В.КОЗЛОВ, тіркелмеген «Алға!» халықтық партиясының төрағасы; Б.НҰРМҰХАМЕДОВ, «Ақ жол» партиясы атынан партия төрағасының орынбасары; К.ОРМАНТАЕВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор; М.ТӘТІМОВ, демограф, Орталық Азия университетінің ректоры, политология ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері; Ғ.Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары; Т.КӘКІШЕВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор; Р.СЫЗДЫҚОВА, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Қ.ЫСҚАҚ, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткер; Д.Исабеков, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Мәдениет» журналының бас редакторы; Қ.МЫРЗА-ӘЛІ, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ш.ЕЛЕУКЕНОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор; Н.Нүсіпжанов, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Қ.ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Г.БЕЛЬГЕР, жазушы, Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты; С.ҒАББАСОВ, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі; Т.Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; С.ИМАНАСОВ, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; И.САПАРБАЙ, ақын, Платиналы «Тарлан» сыйлығының лауреаты; С.Батыршаұлы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Астана қалалық филиалының төрағасы; Ғ.Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жорналшысы; Д.КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы; А.САРЫМ, саясаттанушы, А.Сәрсенбайұлы қорының жетекшісі; Э.Төреханов, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; А.Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы; Б.Иманқожа, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Б.Сәдуұлы, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Х.Ғабжалилов, «Алаш» тарихи зерттеулер орталығының перзиденті, «Алаш» этнологиялық тарихи-ғылыми журналының бас редакторы; Р.Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Г.ЕРҒАЛИЕВА, «Свобода слова» газетінің бас редакторы; Ж.Әшімжан, «Қаламгер-Media» орталығының директоры; Ж.Шаштайұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы; Ә.СЫҒАЙ, «Дарабоз» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Ш.Паттеев, «Түркістан» газетінің бас редакторы; М.Тоқашбаев, «Президент және халық» газетінің бас редакторы; Б.Нұржекеев, «Жалын» баспасының директоры; Ж.Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы; Ұ.Есдәулет, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» журналының бас редакторы; М.Құлкенов, «Таңшолпан» журналының бас редакторы; Н.ДӘРІМБЕТ, «Азат» газетінің бас редакторы; М.Салқынбаев, «Ақиқат» журналының бас редакторы; Қ.Түменбай, «Үркер» журналының бас редакторы; Қ.Иса, «Жас қазақ» ТГР ЖШС газетінің бас директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Ж.ҚОРҒАСБЕК, жазушы, «Жас Өркен» ЖШС-ның бас директоры, «Тарлан Үміт» сыйлығының иегері; С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы; Қ.Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы; Е.Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; М.ҚОСМАМБЕТОВ, «Үш қиян» баспасының директоры; Е.Жеңісұлы, «Ұлан» газетінің бас редакторы, И.ОМАР, «Замана» газетінің бас редакторы; Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы; Т.АЙТБАЙҰЛЫ, «Жыл он екі ай» журналының бас редакторы; С.СМАТАЕВ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; М.Ысқақбай, Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы; Б.Атабаев, «Ақсарай» мюзикл жастар театрының директоры; А.ҚОРАЗБАЕВ, әнші-сазгер, «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» КБ филиалының директоры, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; М.Ілиясова, «Майра» продюсерлік орталығының директоры; Қ.БІЛӘЛ, жазушы, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төралқасының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері; Д.ТҰРЛЫБЕК, жазушы, Халықаралық Түркі әлемі телестудиясының бас директоры, Халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Ж.Кенебай, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Ы.Дәбей, ақын, «Алаң» әдеби бірлестігінің жетекшісі; Ж.Мамай, «Рух пен тіл» клубының жетекшісі, А.Сәрсенбайұлы атындағы сыйлықтың лауреаты; Ж.Шымшықов, ҚР Ғылым, білім министрлігі Экономика институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; Б.ТӨРЕҒОЖИНА, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қозғалысының төрайымы; Б.САРБАЛАҰЛЫ, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; К.Тәлімұлы, Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; А.АСАНОВА, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Л.Асанованың анасы; Т.РЫСҚҰЛБЕКОВ, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігі төралқасының мүшесі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың інісі; Ә.Қайырбеков, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры; Ж.БӨДЕШ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; А.ӘЛІМ, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ҚР Мәдениет қайраткері; Б.ҚОЙШЫБАЕВ, жазушы, Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту Қоғамының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты; Т.ӘЛІМБЕКҰЛЫ, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Р.ИМАХАНБЕТОВА, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты; Қ.УМАРОВ, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі, кинорежиссер-документалист; М.КЕНЖЕБАЙ, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері; Х.ҚОЖА-АХМЕТ, 1970-1980 ж.ж. саяси тұтқын, «Азат» қозғалысының төрағасы; Ж.ҚУАНЫШАЛИН, «Жаса, Азаттық!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Ш.ӘБДІКӘРІМОВ, ақын, Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы; К.АСАН-АТА, жазушы, Халықаралық Хеллманн-Хэмметт (АҚШ) сыйлығының лауреаты; М.КЕНЖЕБАЙ, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент; А.ҚАДЫРБАЕВА, «Күретамыр» қоғамдық қорының президенті; Д.ӘШІМХАНҰЛЫ, жазушы, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының төрағасы; Қ.ІЛИЯСҰЛЫ, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Қ.БОЛАТБАЕВ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры, өнертану докторы, профессор; Б.ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ, өнертану докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Б.НӨГЕРБЕК, өнертану докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; С.ҚАМШЫГЕР, ақын; Б.ӘШІРБАЕВ, ақын; Т.ӘСЕМҚҰЛОВ, жазушы; Ә.Қаламбаев, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы; Б.ТОБАЯҚОВ, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері; С.ӘБДІКӘРІМОВ, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері; К.АДЫРБЕК, журналист, Президент сыйлығының лауреаты; Ж.СӘРСЕК, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Т.ТАҢЖАРЫҚ, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты; С.СЕЙТМАН, ақын; М.МӘЛІКОВ, жазушы; Е.ЖҮНIС, ақын, Президент кубогінің иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері: А.ЕЛГЕЗЕК, ақын,«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты; Ж.Дәулет, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері; М.АБАҒАН, тіл жанашыры, ҚР Мәдениет қайраткері; Б.ШАРАХЫМБАЙ, ақын, Бүкілтүркі дүниесі ақындары фестивалінің лауреаты; Б.ӘБІШ, жазушы, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты; С.ӘКЕЛЕЙ, әншi, Халықаралық әншілер конкурсының лауреаты, Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы; М.ҚАЛЫБАЙ, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген зейнеткер; Ғ.ДҮЙСЕН, экономика ғылымдарының кандидаты; Е.АҚШОЛАҚОВ, жазушы; И.ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мәдениет қайраткері; С.ШҮКІРҰЛЫ, журналист, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері; У.НҰРГЕЛДІ, филология ғылымдарының докторы; З.БАЗАРБАЕВА, филология ғылымдарының докторы, профессор; Е.РАҚЫШЕВ, режиссер, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Т.БИНАШЕВ, мүсінші, ҚР Мәдениет қайраткері; Д.МҰҚАНОВ, аудармашы, әдебиеттанушы; Б.ОМАРОВ, сазгер, «Арман» продюсерлік орталығының директоры; А.ОМАРОВ, әнші, «До-Мажор» тобының мүшесі; С.МЕДЕУОВ, әнші, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты; т.б.
Ашық хатты бүгінге дейін 5219 адам қуаттап қол қойды. Қол қою әлі де жалғаса бермек.