Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1004 0 пікір 12 Қаңтар, 2026 сағат 15:21

Алматыда әуе кеңістігі жабылды ма?

Сурет: aqshamnews.kz сайтынан алынды.

Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік желілерде тараған әуе кеңістігі жабылды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Кейбір жазбаларда қалада әскери іс-қимылдарға байланысты ұшулар тоқтатылғаны айтылған.

Алайда Алматы халықаралық әуежайы бұл мәліметті теріске шығарып, әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Әуежайдың ресми мәлімдемесінде әуе кеңістігінің жабылмағаны, сондай-ақ әскери жағдай немесе әскери әрекеттер туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны атап өтілді. Қосымша мәселелер бойынша уәкілетті органдарға жүгіну ұсынылды.

Кейінірек бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі де жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, министрлік тарапынан әуе кеңістігіне қатысты ешқандай шектеу енгізілмеген, ал әлеуметтік желілерде тараған мәліметтердің нақты негізі жоқ.

Дереккөзі: qaz365.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 734
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2035
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 511
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 485