Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2728 0 пікір 12 Қараша, 2009 сағат 08:43

Қыпшақ атануға қалай қарайсыз?

«Қазақстандық ұлт», «Ел бірлігі» деген ұсыныстары көптің тарапынан, әсіресе, қазақ зиялыларының тарапынан қолдау таппағандық тан ба билік енді мемлекетіміздің атын «Дешті Қыпшақ» деп өзгертуге бет алған сияқты. Алдымен бұл мәселені мәжіліс депутаттары көтерді.

Kazakhstan Today  ақпарат агенттігі «депутаттардың ойынша, қазақтың соңындағы «стан» жалғауы еліміздегі саяси жағдайдан хабарсыз жұртты шатастырып сарсаңға салатынға ұқсайды» деп хабарлайды.  

Мысалы, шетмемлекеттерде Қазақстан аты аталса,  оны  Ауғанстан мен Пәкстан сияқты еледердің қатарына жатқыза салатындар көп көрінеді. Депутаттардың пікіріне жүгінсек, Қазақстан атын өзгерту еліміздің әлемдік имиджі мен инвестиция тарту үшін де қажет болып жатқан сияқты. Сондықтан «Қазақстан аты Дешті Қыпшақ болып өзгеруі керек. «Жас мемлекетіміздің» халқы бір ғана халық - «қыпшақ халқы» атануы тиіс» дейді  мәжіліс депуттары.  Шамасы,  зиялылар тарапынан қолдауға ие болмаған, «қазақстандық ұлт», «ел бірлігі» идеясының ақыры депуттарды осындай шешім қабылдауға мәжбүр еткен секілді.

«Мемлекет атын өзгерту елімізге қаржы қаражат көзін тартып, туризмді ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ ұлттық мәселелерді реттеуге жәрдемдеседі» десті қалаулылармыз мәжілістің бүгінгі отырысында.

«Қазақ» этнонимі ілгеріде отаршыл патша саясатына ұнамаған еді. Сібірді шапқан Ермак соңына ерткен қалың қолының негізі казактардан жасақталған соң қазақтардың атын айтуға қорынып, «киргиздар» деген еді. Ал қырғыздарды бізбен шатастырмау үшін «қара қырғыздар» деп атаған.  Кейде бізді «қырғыз-қайсақтар»  деп атағандар да болған.  

Енді міне, еліміздегі дисапора өкілдерінің қолайына жақпағандықтан, әрі «стандармен» шатастырмау үшін қазақ мемлекеті өзінің даңықты Дешті Қыпшақ атауына оралатын сияқты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ жұрты мен қазақ хандығы туралы  Фердауси 1020 жылдары тарихи деректемелер қалдырған. Ал, қазақ этнонимі мен қазақтар жайында Г. Ф. Миллер, П. С. Паллас, Н. П. Рычков, А. И. Левшин сияқты ғалымдар 18-ші ғасырдың орта кезінен бастап зреттеу еңбектер жаза бастады.

«Дешті», «Дашты» фарсы сөзі. «Сахара», «дала» деген мағананы білідері. «Жошы ұлысы», «Жошы елі» кейінен «Дешті Қыпшақ» атанған. Жошы - Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Қаһан Жошыға Еділ-Жайық арасын мекен еткен қыпшақ халқын билеуге берген.

Сонымен, оқырман, Қыпшақ атануға қалай қарайсыз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435