Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 19 Қараша, 2009 сағат 07:46

«Нұр Отан» Жоғары соттан ипотекалық қарыздары бар азаматтардың істеріне айрықша назар аударуды сұрады

Астана. 19  қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Жоғарғы соттан ипотекалық қарыздары бар азаматтардың ісіне айрықша назар аударуды сұрайды, деп мәлім етті «Нұр Отан» ХДП жанындағы дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген мемлекет қаржысын пайдалануды бақылау жөніндегі комиссияның төрайымы, мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова.

«Біз Жоғарғы сотқа хат жазып, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін айрықша тәртіп болып қана қоймай, айрықша назар болуы тиіс дедік. Мүмкін адам шынымен де жұмысынан шығып қалған шығар, бірақ міндетті түрде жаңасын табады. Адамдарды пәтерден қумасын деп жаздық», - деп мәлім етті ол бейсенбі күні партияның кеңсесінде өткен брифингте.

Г. Қарағұсованың айтуынша, Жоғарғы сот көп балалы отбасылардың, мүгедектер мен зейнеткерлердің ипотекалық қарыздары бойынша істерін қарауға айрықша назар аударуға тиіс.

Ол ипотекалық қарызгерлердің бұл санаттарының істері бойынша ипотекалық несиені төлеудің мерзімін ұзартудың амалы табылуға тиіс.

«Қазір көптеген банктер мерзімін ұлғайтуда (ипотеканы өтеу бойынша), біз де әр кез осы мерзімді ұзартуды сұрап жатырмыз. Алғашқыда оларда үш ай, одан соң алты ай, ал қазір 3 айдан 12 айға дейін ұзартылды. Жалпы айтқанда, бізді 12 ай қанағаттандырады», - деп түсіндірді ол.

Г. Қарағұсова қоғамдық комиссияның жұмысы кезінде 4 мыңдай хат келіп түскенін еске салып өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371