Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4239 0 пікір 23 Қараша, 2009 сағат 05:30

Мектептегі медициналық қызметкерлер кезек күттірмес көмек көрсетуге қабілетсіз – Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды. 23 қараша. ҚазТАГ – Қарағанды облысының прокуратурасы облыстағы мектептердің медициналық қызметкерлерінің жұмыс сапасын тексерді. Тексеру барысында көптеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды аймақ прокуратурасы.

«Әңгіме ұйымдастырушылық мәндегі бұзушылықтар туралы ғана емес, өте төмен біліктілік туралы болып отыр. Мысалы, Теміртау қаласының жекелеген мектептеріндегі медициналық қызметкерлердің арасында жүргізілген сауалнама барысында олардың ешқайсысы кардиогенді, септикалық шок немесе жарақат алу кезінде кезек күттірмес медициналық көмек көрсете алмайтыны анықталды. Мектептердегі медициналық қосындарда сүйек сынғанда кәсіби көмек көрсетуге мүмкіндік жоқ, өйткені қажет құралдар жоқ, кәсіби біліктілік жеткілікті деңгейде емес», - деп мәлім етті облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрбек Құзбақов.

Прокурордың айтуынша, облыстың үш мектебіндегі медициналық кабинеттердің медкөмек көрсетуге лицензиялары болмаса, Бұқар жырау ауданындағы екі мектепте медициналық кабинет деген атымен жоқ.

Прокурорлар қалалық мектептердегі медициналық кабинеттердің басты проблемасы ретінде медициналық қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі, төмен кәсіби жауапкершілік дегендерді атап отыр. Саяқ елді мекеніндегі мектеп дәріханасында баяғыда көзі құртылуы тиіс мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер анықталды. Сәтпаев қаласындағы бір мектепте вакциналар мен дәрі сақтауға арналған тоңазытқышта мұғалімдер мен медициналық қызметкерлер өздерінің азық-түлік тағамдарын сақтаған. Приозерск мектебіндегі медбикенің бикелік іс бойынша маманның сертификаты болмаған.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық әрекет ету актілері жасалды», - деп хабарлады облыс прокуратурасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320