Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3409 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 08:54

«ҚазАгро» жыл соңына дейін 1 млн тонна астық сатып алу үшін ішкі облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. «ҚазАгро»ұлттық холдингі жыл соңына дейін 1 млн тонна астық сатып алу үшін ішкі облигациялар шығаруды жоспарлап отыр, деп мәлім етті «ҚазАгро» басшысы Асылжан Мамытбеков.

«Біз сатып алған 3 млн тоннаға қоса жыл соңына дейін тағы 1 млн тонна астық сатып алу үшін қосымша қаржы қарастыру мәселесін пысықтадық. Қазір облигациялар шығару арқылы ішкі қор нарығынан несие қаржы табу мәселесін қарастырудамыз, облигацияларды зейнетақы қорларында орналастыруды жоспарлап отырмыз», - деп мәлім етті А. Мамытбеков бейсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесінде.

Ол несие қаржының ықтимал көлемін нақтылаған жоқ, алайда кеңестен кейін журналистермен әңгіме барысында бүгінге дейін 37 млрд теңгеге сатып алынған 3 млн тонна бидайға қоса тағы 2 млн тонна сатып алу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, «ҚазАгро» басшысы облигацияларды орналастыру және ішкі нарықтан несие тартпас бұрын ЕДБ-лардан қысқа мерзімді қарыз алу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

«Пайыздар қолайлы, толық ақпаратты келесі дүйсенбіде хабарлаймыз», - деп қорытындылады А. Мамытбеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318