Сейсенбі, 6 Қазан 2026
Жаңалықтар 5335 0 пікір 27 Қараша, 2009 сағат 04:53

Алматы облысында жаңа мешіт ашылды

Талдықорған. 26 қараша. ҚазТАГ – Құрбан айт мерекесі қарсаңында Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округінің Тұрар ауылында «Дәмен ана» мешіті ашылды. Мешітті ауыл тұрғындарына кәсіпкер Мұрат Күлбаев салып берді.

Жаңа мешіттің ғимаратына Алматы облысы орталық мешітінің бас имамы Мұхтар Әбсаматов бата беріп, оның имамына Қазақстанның тұңғыш президентінің қорының қолдауымен жарық көрген Құран кітабын тарту етті.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Ләззат Тұрлашов, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ректоры Шәмшия Беркімбаева, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбай және т.б. сөз сөйледі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 796
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1099