Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 06:40

Үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаға $19 млрд немесе ЖІӨ-нің 14% жұмсады – Назарбаев

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Экономиканы дағдарысқа қарсы бағдарламаның шеңберінде қолдауға $19 млрд немесе ел ЖІӨ-нің 14% бөлінді, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Жыл басында біз 19 млрд АҚШ долларына немесе ел ЖІӨ-нің 14%-ына есептелген дағдарысқа қарсы бағдарламаны қабылдадық. Бұл аз емес. Жыл бойы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру бағытында күрделі жұмыс жүргізілді», - деді ол шетел инвестордары кеңесінің (ШИК) 22-ші отырысында.

Президент шетелдік инвесторларға дағдарысқа қарсы бағдарламаның шараларын жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, үшінші тоқсанда ЖІӨ екінші тоқсанмен салыстырғанда 1,5 % өсіп, жұмыссыздық деңгейі қысқарды, қараша айының соңында алтын-валюта қоры Ұлттық қордың активтерін қосқанда, $52 млрд болды.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылғы қазан айының соңындағы жағдай бойынша, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі $44,52 млрд-ты құрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366