Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3562 0 пікір 23 Желтоқсан, 2009 сағат 04:47

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. 2030-жылы ҚАЗАҚ ҚАНША БОЛАДЫ?

Осы бір «2030»  деген сиқырлы сан шыққан бетте арзан сөзге  әуелден бай біз шіркін не демедік?!. Экономикамыз арамшөптен бетер қаулап жөнелетінін, мәдениетіміз май жаққан қоныштай құлпыратынын, біліміміз білектіге мыңды жығып бере салатынын, ғылымымыз ғарыштың төбесіне ту тігетінін, демократиямыз ұзатылатын қыздай көркемделетінін, төрт түлік малымыз даламызға симай жататынын, шөбіміз шабылмай шіритінін, астығымыз жинап алуға бой бермей қар астында қалатынын... не керек, сол 2030-жылы Қазақстан әнеу әлгі Никита Хрущев уәде еткен коммунизмнің төріне жайғасатынын жарыса айттық та, жағаласа  жаздық та. Әлі де айтып, жазып жүрміз. Ал жарыс пен жағалас  парлап жегілген кезде ме, ә, онда... биыл неше мың тонна астықтың қар астында қалғанын есептеп шығаруға кісіміз жетпеді. Біз кісіміз жетпей қалу деген бұл пәледен құтылуға тиіспіз бе? Әрине! Сонда  «пәледен машайық қашудың» неше жолы бар?  Меніңше, екі жолы бар!

Біріншісі - жанар-жағармай атаулыны жекеменшіктеп алған алпауыттардың қас-қабағына қарай  бидайды аз себу, ол бидайды сыртқа сатуды көбейту, өзімізге нанды қымбаттату. Жыл сайын!

Екінші жол - шіритін шөпті, қар астында қалатын астықты, өзге де кем-кетігімізді, жыртық-тесігімізді, миллионер-миллиардерлерімізді шотқа салып санайтын кісі санын көбейту. Жыл сайын!

Бірінші жолдың әуселесі ауыр емес, іске асырылып, тәжірибе жинақталып жатыр.

Екінші жолдың әуселесі 2010-жылдан бастап шешіліп, 2030-жылы аяқталар деп сенемін. Бүгінде: «Бүкіл әлемнің Қазақстанға қызыға қарап отырғаны», «Бүкіл әлемнің Қазақстаннан үлгі алып отырғаны», «Бүкіл әлемнің қазақстандық даму жолына түсетіні», «Бүкіл әлем діндерінің орталығы Қазақстан болатыны», әне, сонда айдай айғақталады! Себебі: біздің қойдан қоңыр қосшатырлы парламентіміз «бүкіл әлем» алдында тағы бір «тарихи қадам» жасады. «Халық қапысыз жасап ұсынған ғажап» заңдардың тағы біреуін көрпе бүлкілдеткендей ыстық ықыласпен ың-шыңсыз қабылдады. «БОСҚЫНДАР  ТУРАЛЫ  ЗАҢДЫ»!  Ал біздің бәріміздің мәңгі-бақилық президентіміз Н. Ә. Назарбаев мырза, парламенттің шешімінен ешқашан ауа жайылмайтын әдет-әдебін тағы сақтап, ол  заңды заңдастыра қол қойып берді. Онда бізге босқындардың қашан, нешеуі, қалай келуі тиіс, олардың келу себебін қарау, құжаттарын қандай мерзімде және қалай дайындау, қанша төлеу түсінікті айтылған. Десем де, бізде шарт-келісім, бару-келу, алу-беру дегендердің көбі «бармақ басты, көз қыстымен» іске асып жататыны, яғни заң шіркіннің себеп ретінде ғана керек болатыны мәлім.

Сонымен, иә, не болды?..

Сонымен, иә, Қазақстанда «қазақтың санын көбейту проблемасы» мәңгі-бақиға шешілді. Шешілмегенде ше?!

Ресми дерекке жүгінсек, биыл қазан айына дейін бізге - Қазақстанға алыс-жақыннан 243 отбасы көшіп келіпті. Тәжігі, өзбегі, пуштуны, хазары бар, жиыны - 622 кісі. «Босқындар туралы заңның»  исі шықпай тұрғанда-ақ жол тауып жеткен. Енді өздеріне керек заңның исі шыққан соң бұрынғы ойқы-шойқы көшеміз тақтайдай тегіс даңғылға айналады да, босқындар құмша құйылып: қора-қопсымызға, құшағымызға, қойын-қоншымызға сықа толады. Сонау «бесжылдықтар» қарқынымен сатылып жатқан, жалға беріліп жатқан  жерімізді жайлайды. Аузымызды «майлайды».

Ресми дерекке және бір жүгінсек: бүгінде қазақ жерін түпкілікті мекеніне айналдырған қытай туыстарымыздың саны бес жүз мыңға жетіпті. «Туыстарымыз» деп отырғаным, егер ресми дерек жаңылмаса, қазекемнің қырық мыңға жуық қызы қытекеңдерге келін болып, алды үш-төрт, соңы екі-үш жиен силапты бізге. Басқа ұлт-ұлыстың босағасына байланған қаракөздер қанша екен? Солардың бәрі қайран қазекеңе жыл сайын неше жиен силайтынын бір құдай біледі. Е, айтпақшы, президетіміз қытайлықтарға ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысу үшін жалға 1 000 000 гектар жер беру керектігін мәлімдеді. Кеше ғана. Ол кісінің ойы өз-өзінен орындалып жататынын ескерсек, ертең ол жерді игеруге 500 000 қытекең келе қалады да, анау әлгі Н. Хрущевтің «Тың және тыңайған жерді игеруі» жалғасын табады. Арғы жағы - әләуләй! Қазақ қыздарының күн құрғатпай сыңсуын сонда естиміз. Жиендерімізге көрімдік дайындай бастайық! Құдай берейін десе қиын ба, жиендеріміз  жыл сайын  жүз мыңдап іңгәләп келіп жатар-ау...

Босқындар туралы заңның қабылданғаны, атасы басқа, ауылы қашық пуштундар мен хазарлар және басқасы былай тұрсын, ең алдымен сырттағы ұйғыр ағайындарға «әп, бәрекелді!» болары сөзсіз. Мәселен, қытекеңдермен жағаласып, жапа шегіп жүрген ұйғырекеңдер өзгелерше жылына ондап, жүздеп емес, мыңдап  келер. Қазірдің  өзінде «жерінің» картасын сызып, туын тігіп, әнұранын жаттап  жүрген жұрт аспандата алақайлауға дайын шығар.

Сонымен сөйтіп...  2030-жылы Қазақстанда қазақтың саны қанша болар екен? «Қой аузынан шөп алмас» парламентіміз, оның әлде нағашысы, әлде жиені  Халықтар ассамблеямыз соны анықтауға жалпы ден қояр ма екен, қоймас па екен? Беу, халайық, мұны кімнен, қайдан білмек керек?

Әлде бүгінгі билік жүйесінің, «Ел бірлігі» делінген доктринаның, «Босқындар туралы заңның» күшімен Қазақстан көпұлтты, көптілді, көпдінді, көпбірдеңелі мемлекетке айналып, мемлекеттік тіл мәселесі жайына қалар, үштұғырлы тіл, қазақстандық ұлт саясаты  атқа мінер, қойымыз алынып, қорамыз қоса кетер күнді күте тұрайық па?

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322