Алматыда Қазақстанның тұрғылықты халық бойынша іс-қимылдардың Каирлық бағдарламасын орындау қорытындысы шығарылады
Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматыда 24-25 желтоқсанда «Тұрғылықты халық және даму бойынша Каирлық бағдарлама: 15 жыл өткен соң» деген тақырыппен республикалық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Конференцияда Каирлық бағдарлама іс-қимылдарының Қазақстанда орындалуының қорытындысы шығарылады, қатысушылар тұрғылықты халық пен даму саласындағы мәселелерді талқылап, бағдарламаны алдағы уақытта орындау бойынша шаралар белгілейді.
БҰҰ-ның бағалауынша, Қазақстанда егде адамдардың үлесі жалпы халықтың 7,5% құрайды. Елімізде әйелдер мен ер азаматтардың саны, олардың өмір ұзақтығы бойынша айқын диспропорция байқалып отыр, бұл халықты көбейтуге және елдегі жалпы демографиялық ахуалға теріс әсер етеді, делінген хабарламада.
Конференцияны БҰҰ-ның тұрғылықты халық саласындағы Қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырып отыр.