Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3420 0 пікір 11 Қаңтар, 2010 сағат 06:41

Балқаш көлінде автокөлік мұз астына құлап екі адам мерт болды

Қарағанды. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Өткен жексенбіде Балқаш көлінде кезекті қайғылы оқиға орын алды. Қарағанды облысының ТЖД хабарлағандай, 10-шы қаңтарда 18 сағат 05 минутта Балқаштың ІІБ кезекшісінен Саяқ кентінің маңында мұз астына жеңіл автокөлік батып кеткені туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген құтқару қызметі сағат 17 мен 18-дер аралығында «Горняк»  тынығу аумағының маңында, жағалаудан 3,5 км қашықтықта, Саяқ кентінен 35 км жерде мұз астына «Фольсваген» автокөлігі батып кеткенін анықтаған. Автокөлікте балық аулауға бара жатқан 4 ер азамат болған.

«Автокөлік мұз астына батып бара жатқанда екі балықшы секіріп шығып үлгерген. Олар автокөлік ішінде қалған жолдастарының бірінің денесін алып шыққан. Өкінішке қарай ер азамат суда көз жұмған. Аман қалған екеуі өз беттермен жақын маңдағы қыстауға дейін жетіп, оқиға туралы хабарлаған. Олардың денсаулығы қанағаттанарлықтай», - дейді облыс ТЖД қызметінен. 

Қазір қаза болған екінші адамның мәйітін іздестіру жүріп жатыр. Оған Балқаштың судан құтқару қызметінің, ТЖ, әскери апттық-құтқару «Кен» қызметінің күштері, полиция мен жергілікті халық тартылған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 669
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2624
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1689