Қазақстанда 2010-2012 жылдары концессияға ұсынылатын нысандардың тізімі бекітілді
Алматы 12 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі 2010-2012 жылдары концессияға орта мерзімге ұсынылатын нысандардың тізімін бекітті. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2009 жылы 29-шы желтоқсанда қол қойған тиісті қаулы сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.
...Бірінші топқа «Алматы-Өскемен» автожолының «Алматы-Қапшағай» учаскесінің құрысын салу (жөндеу) және пайдалану ; «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкент) – Шымкент – Тараз – Қорғас (Көкпекті, Көктал, Благовещенка арқылы өтетін), Қырғызстан Республикасының шекарасына дейінгі» автожолдың «Алматы-Қорғас» учаскесін салу, жөндеу, пайдалануға; «Астана-Қарағанды» учаскесін; «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» учаскесінің 593-674 шақырымдарын; сондай-ақ «Ташкент-Шымкент» учаскесінің 674-806 км учаскесін жөндеу, салу, пайдалану енгізілді.
Екінші топқа концессия туралы келісім негізінде салынатын, жөнделетін, пайдаланылатын нысандар енгізілді. Оған «Алматы айналмалы үлкен автомобиль жолы» енгізілді.
Құжатта байқауды ұйымдастыру ҚР көлік және коммуникация министрлігіне тапсырылғаны айтылады.
Қаулы ресми жарияланған соң күнтізбелік он күн ішінде күшіне енеді.