Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2850 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 06:43

ШҚО-да бұрқасынға байланысты автожолдардағы көліктердің қозғалысы шектелді (қайталау)

Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ -  Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) бұрқасын тұруына байланысты автожолдардағы көлік қозғалыстары шектеулі, деп хабарлады сейсенбі күні ТЖМ.

«11-ші қаңтардың 20 сағат 40 минутынан бастап ауа райының нашарлауына байланысты – бұрқасын тұрып, көріну қашықтығының жоқтығы себепті - Өскемен – Самарское – Көкпекті, Өскемен – Қалбатау – Көкпекті – Зайсан, Өскемен – Қалбатау – Аягөз , Өскемен – Зыряновск – Рахманов бұлақтары автожолдарында автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», - делінген хабарда.

Сондай-ақ ТЖМ, осының алдында Шығыс Қазақстан облысының автожолдарында пайда болған күртік қарда қалып қойған көліктер мен бірнеше адам құтқарылғанын мәлімдейді.

«11-ші қаңтарда Өскемен-Алматы автожолының 60-шы шақырымында сағат 13-те қар құрсауында қалған 7 жүк, 10 жеңіл автокөлік пен 1 жолаушылар автобусы құтқарылды. Қар құрсауында қалған 7 адам, оның ішінде екі бала Өскеменге жеткізілді. Құтқару операциясына ҚР ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан облысының аймақтық-құтқару бөлімшесінің  10 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды», - деп көрсетілген хабарда.

Сол күні ШҚО-да бұрқасынға байланысты жолаушылар поезы 16 сағаттан астам жолда тұрып қалды.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 11-ші қаңтарда 14 сағат 40 минутта ШҚО-ның Шалабай станциясында Защита – Алматы бағытындағы № 351-ші жолаушылар поезы тұрып қалды. Шар станциясынадейінгі темір жол күртік қардан тазартылды. Бұл аралықта қар тазалайтын арнайы екі поезд жұмыс істеді. 12-ші қаңтардың 6 сағат 59 минутында поезд Шар станциясына бет алды», - деп хабарлайды ТЖМ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369