Тайландта тұтқындалған қазақстандық ұшқыштар өздерінің қамаудан босатылуына Назарбаевтың араша түсуін өтінеді
Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – «Время» газеті Тайландта заңсыз қару тасымалдаған деген күдікпен тұтқындалған қазақстандық төрт ұшқыш ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып, жағдайға араласып, өздерінің тағдырына араша түсуін өтінді, деп жазады.
«Құрметті президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза! Сізден өтініш сұрап отырғандар Киев - Баку - Фуджейра - Бангкок - Пхеньян - Бангкок - Коломбо - Фуджейра – Киев бағытындағы сәтсіз AWG-731/732 рейсінің Ил-76 ұшағының экипажы- қазақстан азаматтары: ұшақ командирі - Ілияс Исаков, екінші ұшқыш - Виталий Шумаков, штурман - Виктор Абдуллаев, жер қызметінің инженері - Александр Зрыбнев пен Белорусия азаматы - Михаил Петухов... Біз сізден Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғаудың кепілі ретінде сіздің осы іске араша түсіп және бізді қорғауыңызды сұраймыз», - делінген үндеуде.
Олар рейсті Air West Georgia авиакомпаниясының және ұшақты жалға алған Украиналық AirTech компаниясының тапсырмасымен орындағанын айтады. «Келісімшарт бойынша біз жалпыазаматтық 35 тонна жүкті Пхеньяннан Киевке жеткізуіміз керек болатын. Пхеньянға ұшу ешқандай қиындықсыз, штаттық тәртіпте өтті. 2009 жылы 10-шы желтоқсанда Пхеньянға ұшып келіп, біз тынығуға қонақ үйге кеттік те, жер қызметінің инженері Зрыбнев жүктердің тиелуіндегі ұшақ балансын қадағалап қалды», - дейді тұтқындағылар.

Олардың айтуынша, 2009 жылы 11-ші желтоқсанда таң ертең, олар ұшаққа келгенде, «барлық жүк ағаш және темір жәшіктермен мөрленген түрінде ұшаққа тиеліп қойылғанын» көрген.
«Бізге, жәшіктер мөрленген және пломбылар салынған деп жүктерді тексеруге мұрша бермеді. Жүкқұжат бойынша жүктер «механикалық бөлшектер», ал сырт пішімі мұнай өндіретін жабдықтарға ұқсас болды. Бірақ жүкті тексеру біздің міндетімізге жатпайды да, себебі бұл міндет жүк жіберуші жақтың кеден және шекара қызметінің шаруасы. Біз бұл жүктің азаматтық мақсатта екеніне толық сеніммен ұшып шықтық», - делінген экипаждың ашық хатында.
Тұтқындалған ұшқыштар, егер оларға тасымалдаған жүктерінің сипаты бегілі болса, «экипаж рейсті орындаудан бас тартқан болар еді» дейді.
«2009 жылы 11-ші желтоқсанда біз Бангкок әуежайына қондық. Біз аялдамаға тоқтап есікті ашқан соң, Тайландтың кеденшілері мен шекарашылары келді. Кеденшілер жүкті әскери мақсатта деген күдікпен тұтқындады. Келесі күні, 2009 жылы 12-ші желтоқсанда, көптеген әскерилердің жиналуымен жүктер ұшақтан түсіріліп, оларды алып кетті», - деп жалғастырады ұшқыштыр.
Экипаж мүшелерінің айтуынша, олар жүктерді ашқан кезде болмаған.
«Бізді екі күн полиция бөлімшесінде ұстап, тергеуге алып, жүктердің сипаты қандай екенін біз білдік па деп сұрады. Біз жүктер азаматтық сипатта және біз тасымалдаушы ретінде ғана қызмет атқарып жүргенімізді айттық. Одан соң бізді сотқа апарып, сот бізді 12 күнге тұтқындауға ордер беріп, сол күні бізді әр түрлі камераларға, елеулі қылмыстары үшін сотталып, қамауда отырғандармен бірге түрмеге жатқызды», - делінген мемлекет басшысына жазған үндеуінде.
«Бізге Тайланд заңы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыру мен өлім жазасына дейін қолдану мүмкіндігі белгілі болды. Не үшін?! Біз бар болғаны келісімшарт пен жүкқұжаттарда көрсетілгендей, азаматтық мақсаттағы жүктерді тасымалдау рейсін атқардық! Барлық айып жүк жіберуші жаққа артылуы тиіс! Біз тек тасымалдаушылармыз және авиакомпания мен ұшақты жалға алушының тапсырмасын орындадық. Бізді жалған айыптармен қамауға алу біздің еркіндігіміз бен құқықтарымыздың бұзылуы!», - делінген үндеуде.
Бұрын хабарланғандай, Бангкокта 12-ші желтоқсанда бортында 40 тоннаға жуық қару-жарағы бар Ил-76 жүк ұшағы ұсталған. Ұшақ КХДР-дан келе жатып, жанармай құю үшін Бангкоктың Дон Мыанг әуежайында қонуға рұқсат сұраған.
Ил-76 экипажының бес мүшесі - Қазақстан азаматтары - 53 жастағы Александр Зрыбнев, 58 жастағы Виктор Абдуллаев, 54 жастағы Виталий Шумков, 53 жастағы Ильяс Исаков және Беларусь елінің 54 жастағы азаматы Михаил Петухов қамауға алынды.
БАҚ-тардың хабарлауынша, ұшақ экипажы КХДР-дан әкеле жатқан борт жүгінде не барлығын білмеген.