Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 09:19

Жәкішевтің ісі бойынша сот оның адвокатының келмеуі себепті кейінге қалдырылды

Астана. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Жанболат Мәмішев. «Қазатмоөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот оның адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің келмеуі себепті кейінге қалдырылды.

«Қамаудағы Жәкішевтің адвокаты аурып қалуына байланысты сотқа келмеуі себепті сот 18-ші қаңтарға қалдырылды», - деді журналистерге компанияның бұрынғы басшысының оққағары Талғат Қыстаубаевтың адвокаты – Ахан Байқанов.

Адвокаттың айтуынша, олар қылмыстық іс материалдары толығымен қазақ тіліне аударылу керектігі туралы өтініш берген.

«Бірақ біздің өтінішімізді сот қанағаттандырмады», - дейді А. Байқанов. Оның айтуынша, судьяның бас тартуы «заңсыз болып табылады».

«Жақын арада мен оның іс материалдарын қазақ тіліне аударудан бас тартуына байланысты аппеляциялық сатыларға шағым бермекшімін», - деді А. Байқаноы.

Еске сала кетсек, ұлттық компанияның бұрынғы басшысына сеніп тапсырған басқаның мүлкін аса ірі мөлшерде ұйымдасқан қылмыстық топпен иеленіп кету айыбы тағылып отыр. Атап айтқанда, тергеу болжамы бойынша, 2003 жылы «оған деген қызметтік қажеттік болмағанына қарамай, МАГАТЭ-мен ынтымақтастық желеуімен»  М. Жәкішев, Венада «Қазатомөнеркәсіптің» өкілдігін ашқан. Аталған өкілдіктің жетекшісі және қызметкрелері ретінде ҚР Австриядағы елшілік қызметкерлері мен олардың туыстары бекітілген. Бас прокуратураның айтуынша, директор ретінде әр уақытта елшіліктің Эльнара Шоразова деген қызметкерінің анасы, сондай-ақ экс-елші Рахат Әлиевтің сеніміне кірген Вадим Кошляктың әйелі формальды түрде тағайындалған.

Тергеу мәліметтерінше, Венадағы өкілдіктің әр түрлі шығындарына жатқызып, М. Жәкішев 2003 жылдың шілдесінен 2007 жылдың қыркүйегіне дейін ұлттық компаниядан 99 млн 763 мың 961 теңге жымқырған.

Одан басқа, М. Жәкішев мердігер мекемелердің басшыларынан сол компанияларды мемлекеттік сатып алулардағы жеңімпаз деп тану үшін аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алған деп айыпталады. Жәкішевтің оққағары – Талғат Қыстаубаев та «Қазатомөнеркәсіптің» мүлкін жымқырған және оған қызмет бабын асыра пайдаланған деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетсек, 2009 жылы 21-ші мамырда М. Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» президенттігінен босатылды, ал 24-ші мамырда ол қамауға алынды. 2009 жылдың 9-шы желтоқсанында М. Жәкішевтің қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Сот тыңдаулары Астанадағы Сары-Арқа аудандық №2-ші сотта жабық тәртіпте өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371