«Әлем экологиялық апаттың алдында тұр»
«Әлем экологиялық апаттың алдында тұр» деп ел аман, жұрт тынышта жұмысын тастап, бұтына жапырақ байлағандар жайлы не ойласа болады? Әумесерлер дейсіз-ау. Бірақ, мына суреттерді көрсеңіз, олардың бекерден-бекер дабыл қағып жүрмегенін де байқайсыз. Бұл Тынық мұхитындағы «қалдық аралы» және соған шектес жағалаулардағы қазіргі жағдай. Гавай аралдары мен Калифорния жағалауының аралығында қалқып жүрген аралдың аумағы кейбір дерекке сенсек, «екі Техас штатына», енді бірінде «Ұлыбританияның территориясына» тең келеді. Қалдық аралының бұл маңда пайда болу себебі - мұхиттағы бірнеше ағыстар тоғыса келіп, осы тұста иірім жасайтын көрінеді. Содан да, су жағалаған жұрттың тұтынған тауарлары, круиздік кемелерден лақтырылған бөтелке, полимер бума, бәрі-бәрі осында бастарын қосады. Бүйте берсе, келешекте Қалдық құрылығы пайда болса, тіліңізді тартып жүрмеңіз.
Orken&G