Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3871 0 пікір 13 Қаңтар, 2010 сағат 06:14

Еркін күрестен Қазақстанның әйелдер құрама командасы «Иван-Ярыгин» гран-приіне аттанады

Алматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ- Еркін күрестен Қазақстанның әйелдер құрама командасы 30-шы қаңтар мен 1-ші ақпан аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін «Иван-Ярыгин» гран-приіне аттанады, деп хабарлайды ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресінің ресми сайты. 

Бас бапкер Саржан Жақсыбековтың айтуынша, Красноярскіге еліміздің белді 12 балуаны аттанады. Олардың арасында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Елена Шалыгина (67 кг салмақ категориясы), Азия чемпионы Жұлдыз Эшимова (51 кг), әлем чемпионатының қола жүлдегері Ольга Жанибекова (72 кг), Азия чемпинатының қола жүлдегері Айым Әбділдина (55 кг), Азия чемпины Татьяна Бабатюк (51 кг) және басқалар бар.

«Иван-Ярыгин» гран-приінің қарсаңында қазақстандық спортшылар жақын шетелдің командаларымен дайындық кездесуін өткізеді. Ол 14-ші қаңтарда Красноярскіде өтеді. Оған Ресей, Украина, Моңғолия мен басқа да елдердің балуандары жиналмақшы.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1504
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3118
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1113
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1040