Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 05:42

Қазақстанның жерін шетелдік мемлекеттерге ұсынуға жол беруге болмайтындығы туралы

«АЗАТ» ЖСДП Мәлімдемесі

Біздер бәріміз Қазақстанның 1 миллион гектар ауылшаруашылық мақсаттағы жерін Қытайға беру мүмкіндігі туралы билік көтерген тақырып қоғам наразылығын тудырғанының куәсі болдық.

Осыған байланысты қазақстандықтардың азаматтық сана-сезімінің оянуын билік әлдебір арандату деп танып, орын алған мәселені одан сайын шатастыра түсті. Ел президенті «жерді, мысалы, Қытайға беру мүмкіндігі» туралы айтса, ал ауылшаруашылық министрлігі: «жерді қандай да бір қытайдың компаниясына беру туралы мәселе қозғалып жатқан жоқ» дейді. Осындай қарама-қайшылықты жойып, қоғамға өз жоспарларын ашық түсіндірудің орнына, жоғары лауазымды тұлғалар «жердің сатылатындығы жөніндегі» мәселенің күн тәртібінде болмағандығын айтып, өз-өзін көпе-көрінеу әшкерелеп отыр.

Қазақстан жерін пайдалану секілді аса маңызды мәселедегі түсініксіздік, оны талқылаудың жабық сипаты, жер тағдыры туралы алаңдату туғызып, біздің ауыл шаруашылық жерлерін шетелдік мемлекеттерге қандай да бір формада беруге болмайтындығы туралы билікке тағы да ескерту жасауға қақ береді деп санаймыз.

Соңғы он бес жыл ішінде, еліміздің барлық суармалы жер аумағы екі есе азайып,   1,3 миллион гектарға дейін қысқарғаны белгілі. Суармалы жерлердің шөлге айналуына, көрші мемлекеттер, соның ішінде Қытай тарапынан, су бөгеттерінің ұлғаюымен қатар, үкіметтің дарынсыз орашолақ аграрлық саясаты басты себеп болып отыр.

Біздер шетелдіктердің қазақстандық жерінің болашағын ойламай, оны мейлінше үдемелі түрде пайдаланатына баса назар аударамыз, мұның өзі аса улы химиялық тыңайтқыштарды молынан әрі ретсіз пайдалануға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұндай шаруашылық жүргізу тәртібі көптеген жылдар бойына онсыз да жер аумағы Семей өңірінің аймағы мен Арал теңізінің қасіреті, шетелдік әскери полигондардың қызметі мен жер асты байлықтарын өндірген компаниялар, «жергілікті маңыздағы» көптеген экологиялық апаттар шұрқ-тесік еткен Қазақстанның ауыл шаруашылық жерлерін толыққанды айналымнан шығарып тастауы ықтимал.

Нәтижесінде, болашақта миллиондаған шетел жұмыскерлерінің  осыншама кең аумақта шоғырлана өмір сүру мүмкіндігі пайда болады.

Оқиғалардың осылай өрбуі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: қазақстанның жерлерін шетелдік субъектілерге беру біздің еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси мүдделеріне қайшы келеді және ұлттық қауіпсіздігімізге нақты қатер төндіреді!

Осылардың бәрін негізге ала отырып, біздің партиямыз еліміздің басшылығынан жерді кез келген формада шетелдіктерге беру мүмкіндігіне тыйым салуды, отандық ауылшаруашылығын сапалы түрде жетілдіру үшін әбден жеткілікті ішкі қорларды жұмылдыруды және ауылда лайықты өмір сүруді қамтамасыз етуді талап етеді!  Қазіргі заң ауыл еңбеккерлерін өз жеріне иелік ету мүмкіндігінен айыратындықтан, біз - жаңа Жер кодексін әзірлейтін және қабылдайтын уақыт туды деп есептейміз!

Қалыптасып отырған жағдай, барша азаматтар ел өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге өз қатыстылығын сезінуді табанды түрде талап етеді. Осы мақсатпен «АЗАТ» ЖСДП Алматы қаласында 30-қаңтарда қазақстанның жерін шетелдік мемлекеттерге беру мүмкіндігіне қарсы халықтық наразылық митингісін өткізетіндігі  туралы мәлімдейді.

Алматы қ-сы, 13 қаңтар 2010 ж

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371