Статистика агенттігінің бұрынғы басшысының үстінен қылмыстық іс ашылды
Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үстінен қылмыстық іс ашты, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
«Статистика агенттігінің төраға орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевтың, сондай-ақ «Фирма «КИIК» ЖШС құрылтайшысы Серік Таужановтың қылмыстық істерін тергеу барысында халық санағын жүргізуге қажет жабдықтарға деп бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға А. Мешімбаеваның қатысы барлығы анықталған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деді ҚазТАГ тілшісіне қаржы полициясының баспасөз хатшысы Дәмежан Есембекова.
ҚР статистика агенттігінің төраға орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевтың, сондай-ақ «Фирма «КИIК» ЖШС құрылтайшысы Серік Таужановқа қатысты қылмыстық істің өндірісі аяқталды.
«Қазіргі уақытта айыпталушылардың өздері мен олардың адвокаттары іс материалдарымен танысып жатыр», - деді Д. Есембекова.
Бұрын хабарланғандай, 2009 жылы 3-ші маусымда қаржы полициясының қызметкерлері халық санағын жүргізуге қажет жабдықтарға деп бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар деген күдікпен ҚР сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серік Таужанов тұтқындалған.

Тергеу болжамы бойынша, республикалық бюджеттен халық санағын жүргізуге 1 млрд 144 млн теңге бөлінген, іс жүзінде ұлттық санақ 379 млн теңгеге жүргізіліп, қалған 764,8 млн теңгені агенттік пен жеке кәсіпорындардың басшылары жымқырған.
Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қаржы полициясы статистика агенттігінің төраға орынбасары Н. Баяновты тұтқындап, кейін қамады. Ол халық санағын жүргізуге қажет жабдықтар – санақ үшін қажет бланктарды мемлекеттік сатып алу бойынша байқау комиссиясын басқарған.
Осы іс бойынша «КИІК» ЖШС бас директоры А. Нисанов та қамауға алынған.