Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2715 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 06:01

Биылғы жыл басында МАГАТЭ делегациясы Қазақстандағы ядролық нысандарды тексеруге келеді – энергетика министрлігі

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Ағымдағы жылдың басында МАГАТЭ делегациясы Қазақстандағы ядролық нысандарды шолып өтуге келеді, деп хабарлады энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов.

«МАГАТЭ-нің сарапшылар делегациясы қаңтар-ақпанда келеді деп күтілуде. Сапар мақсаты – біздің ядролық нысандарды шолып шығып және біздің жұмысымызбен (уран саласындағы – ҚазТАГ) танысу», - деді ол сәрсенбі күнгі мәжілістегі отырыс барысында.

Вице-министр бұл жыл сайын өткізіліп тұратын сапар екенін айтып өтті. 

Сонымен қатар ол, 10 жылдан бері МАГАТЭ тарапынан Қазақстанға ешқандай шағым болмағанын қосып айтты.

«Бұған дейін Иранға уран жеткізу мүмкіндіктері талқыланды, және тағы да атап өткім келетіні, былтырғы 30-шы желтоқсанда СІМ ресми мәлімдеме таратып, бізде Иранмен мәміле жасау ниетіміздің болмағанын, оған ешқандай жағдай болмағанын және жоқтығын айтқан», - деді ол.

«Бізде уран мен ядролық қозғалыстарға экспорттық бақылау жүйесі бар. Біз депутаттар сауалына байланысты, біз уран жеткізіп тұратын елдердің тізімін дайындадық. Біздегі ақпарат (уран экспортына қатысты – ҚазТАГ) – ашық», - деп түсіндірді вице-министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371