Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 06:03

Қарағанды облысының ауылдық мектептерінде дене тәрбиесі сабақтарын тарихшылар жүргізеді, ал спорт залдарын қоймаға айналдырған – прокуратура

Қарағанды.13 қаңтар. ҚазТАГ – Қарағанды облысы прокуратурасының ұсынысымен дене тәрбиесі жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін 17 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл жайында сейсенбі күні облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрбек Қозыбақов хабарлады.

«Прокурорлық тексеру барысында заң талаптарының, атап айтқанда «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңның өрескел бұзылғаны анықталды. Ауыл мектептерінің көпшілігіне тән және өрескел кемшілік - дене тәрбиесі пәнінен арнайы педагогикалық және кәсіптік білімі жоқ адамдардың сабақ беруі болып табылады»,-деді прокурор.

Мұндай кемшіліктер Қаражал мектептерінде анықталды. Жаңа арқа ауданы Көктал ауылында дене тәрбиесі сабағын еңбек пәнінің мұғалімі жүргізген. Талдыбұлақ және Қызылжар ауылдарының мектептерінде дене тәрбиесі сабағын тарих пәнінің мұғалімдері, Кенжебай-Самай ауылдарында – сызу пәнінің мұғалімі жүргізген.

Шахтинскінің, Қаражалдың, Приозерск мен Қарағандының жекелеген мектептерінде дене тәрбиесі пәніне тиісті үш сағаттың орнына аптасына екі-ақ сағат бөлінген.

Прокурорлық тексеру, сонымен бірге, дене тәрбиесі сабақтары өткізілетін залдардағы санитарлық талаптардың бұзылғанын – киінетін бөлмелердің жоқтығын, спорт құралдарының тозығы жеткендігін және аздығын анықтады. «Нұра ауданындағы №1 мектептің спорт залын аудандық білім бөлімінің қоймасына айналдырған»,-деп хабарлады Н.Қозыбақов.

Облыс прокуратурасы облыстық білім басқармасының бастығына кемшіліктерді жою жайында ұсыныс түсірді. Прокурор ұсынысын қарастыру нәтижесінде  аталған кемшіліктерді жою шаралары қолға алынып, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

0 пікір