Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2778 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 06:06

Депутаттар шөп қоспаларын өндіру мен таратуды заңмен бекіту қажет деп есептейді

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Парламенттің мәжіліс депутаты Берік Бекжанов Қазақстанда шөп қоспаларынан жасалған дәрілерді өндіру мен таратуды заң жүзінде бекіту қажет деп есептейді.

«Мен, денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өндірілетін әр түрлі шөп қоспаларын өз бақылауына алулары керек деп есептеймін... Егер қажет болса, құқықтық-нормативті актілерді шығарып, тиісті заңдарға өзгерістер енгізуге болады», - деді ол, сәрсенбі күнгі мәжілістің алқалы отырысында, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атында жолдаған екінші сауалын оқып тұрып.

Б. Бекжанов премьер-министрдің атына сауал жолдағанын, бірақ одан алған жауапқа қанағаттанбағанын еске салды.

«Сіздің жауабыңыздан мен, бұл мәселе әлі шешілмегенін ұқтым. Мен, шөп қоспаларына, онда есірткілік және психотроптық дәрілердің бар-жоқтығына ғылыми тұрғыдан сараптама жасау қажет және оны заңмен бекіту керек деп есептеймін», - деді ол. 

Сонымен қатар, депутат, оның көршісі сатып алған шөп құрамында есірткілік зат барлығын анықтағанын мысалыға келтірді. Мәжілісмен Қазақстанда құрамында есірткілік заттары бар шөп қоспалары «ашық саудада сатылып жатқаны және оған ешкім бақылау жасамайтындығына» наразылық білдірді. 

«Еуропалық елдерде мұндай қоспаларды өндіруге мүлдем тиым салынған. Ал бізде не болып жатыр?», - деп налынған депутат, Алматыда еркін саудада түсініктемесінде «адам тәнін емес, жанына ем» деп жазылған «күдікті шөп қоспалары» сатылып жатқанын айта кетті. 

«Қымбатты Кәрім Қажымақанұлы сіз біздің азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін шөп қоспаларының құрамын сараптамадан өткізу мен оның өндірісін өз бақылауыңызға алуыңыз керек деп ойлаймын», - деді Б. Бекжанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371