Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 19 Қаңтар, 2010 сағат 05:35

Солтүстік-Оңтүстік электр желісі биылғы жылдағы жағдайда өзінің тиімділігін дәлелдеді – ЭМРМ басшысы

Астана.18 қаңтар. ҚазТАГ – Транзиттік Солтүстік-Оңтүстік электр желісі оңтүстік өңірді электрмен қамтамасыз етуді түбегейлі жақсартты. Энергетика және минералдық ресурстар министрі (ЭМРМ) Сауат Мыңбаев министрліктің коллегиясында осындай деген пікір айтты.

«Әсіресе біз оны қазіргі қыста байқап отырмыз. Біз Солтүстік-Оңтүстік желісіндегі шектен тыс жүктеменің салдарынан әрдайым тоқтан ажыратып тастап отырудан арылдық. Оңтүстік көршілермен жұмыста ешнәрсе өзгерген жоқ. Олардың артық жүктемесін біз жауып отырмыз», - деді дүйсенбі күні Астанада С. Мыңбаев.

Бүгіндері Солтүстік - Оңтүстік транзитіндегі жүктеме, ауыр сағаттарда 1300 МВт-қа жетеді. Жаңа желінің іске қосылуы Қазақстанның біртұтас энергожүйесінің Оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен қамтамасыз етуді тұрақтандырып қана қоймай, Алматы облысының электр тарифтерінің күрт көтерілуінен сақтады. 

Жаңа желінің қосылуы сондай-ақ қуаттың айтарлықтай резервін жасап, Т. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС-тің (ЖМАЭС) жүктемесін азайтты. Қазіргі уақытта ЖМАЭС бір блоктық жүктеме тәртібінде жұмыс істеп тұр. Өткен қыста станция Өзбекстанның қымбаттаған газына пайдалана отырып, төрт блоктық жүктемеде жұмыс істеген.

«Үнемделген газдың барлығы соңғы жылдары дәстүрге айналған - ЖМАЭС-ті субсидиялаудан құтқарып, республикалық бюджет ақшасын үнемдеуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті С. Мыңбаев.

«Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстік» жоғарғы вольттық желі - ЖЖ-500 кВ транзитін іске қосуды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы 17-ші қыркүйекте Павлодар облысында ПС-1150 кВ «Екібастұз» подстанциясында іске асырды. Электр тасымалдау желісінің (ЭТЖ) ұзындығы 1117 километр.

0 пікір