ҚХР 2010 жылы шетелге инвестиция салуды жалғастыра береді
Бейжің. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Қытай үкіметі 2010 жылы елден тыс жерге инвестиция салу мен елдің «тұрақты және салыстырмалы түрде тез» экономикалық дамуы үшін шетелдік капиталды тарту саясатын қолдауды жалғастырады, деп мәлімдеді ұлттық даму және реформалар комиссиясының жауапты атқарушысы, вице-министр Чжан Сяоцян (Zhan Xiaoqiang), деп хабарлайды China Daily.
Шетелге инвестиция салу немесе «жаһандық стартегия» ҚХР-дың экономикалық дамуын жақсарту үшін шетелдік ресурстарды, рыногы мен дамыған технологияларын пайдалануды көздеуі тиіс, деді ол комиссияның сайтында жарияланған сөзінде.
Баяндама 2009 жылы желтоқсанда айтылғанымен тек өткен аптада ғана сайтта жарияланды.
ҚХР сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы 3 тоқсанда шетелге шығарылған қытайлық инвестициялар көлемі $32,87 млрд болып, ол алдыңғы жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 0,5% артық болған.