Мағжан: «КІНӘНІ ЖҮРЕККЕ ҚОЙ,ҚОЙМА МАҒАН»
Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай, ф.ғ.к.М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры,Петропавл қаласы
Мағжан ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы «Шолпан» деген атпен жарық көргені мәлім. Татарстан мемлекеттік мұрағатының 420-қорында сол кездегі Қазандағы баспаханалардан қазақ және татар тілдерінде басылып шыққан кітаптарға байланысты цензура құжаттары сақталған. Олардың ішінде, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеушілер үшін құнды деректер беретін материалдардың кейбіреулері мынадай:
Ғалиолла Ғалымжановтың «Есіл жұртым» (1912), Арыстан Берікқалиұлының «Ағын» (1912), Ғ.Жәнібековтің «Балалар бәдуамы» (1912), Мұхамет-Сәлім Кәшімовтің «Насихат қазақия» (1908), Абдулла Мұштақтың (Ғұмар Қарашұлының лақап аты. - З.Т.) «Қарлығаш», Ишанғалиұлы Бисен Албаншырақтың «Әдебиет өрнегі» (1910), Бекмұхамед Хұсаиновтың «Құтыбхана чурнағы» (Кітапхана бұрышы) (1910), Әділкәрім Мәзитовтің «Қазақ шәкірттеріне ғадия» (1910) деген Қазандағы «Ағайынды Каримовтар» баспахана-сынан шыққан кітаптары, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп шығармаларының мазмұны жөніндегі цензура қағаздары жатыр.

Қазан университетінің профессоры, Ресей ішкі істер министрлігінің жансызы Н.Катанов бастаған аудармашы топ қазақ тілінде шыққан әрбір кітаптағы шығармалардың астарына сығалай қарап, өкімет билігіне, орыс мемлекетінің отаршылдық саясатына қарсы-ау деген пікірлер іздеген. Әрине, іздеген соң...тапқан.
Әрбір өлеңнен кесек-кесек үзінділер алып, олардың астарындағы ойларды ашып, тіпті асқындырып дейікші, орысшаға аударған. Бұл арада мына бір жағдайды ескерте кетейік. Қазандағы жергілікті «әдебиетші мамандар» өздерінің тапқан «қылмыстарын» Петрборға, Ішкі істер министрлігіне тікелей жолдап отырған. Дәлірек айтсақ, нағыз саяси тыңшылық қызмет атқарған. Ішкі істер министрлігінің баспасөз басқармасы Қазандағы жандарм орындарына сол аудармаларды жіберіп, тиісті кітаптарды таратпау және автор-ларын саяси сенімсіз адамдар ретінде қуғындау туралы нұсқау беріп отырған.
Ал, енді Мағжанның «Шолпанына» байланысты не тапты екен? Соны көрейік. Алдын ала айтып қояйын, цензор (профессор Н.Катанов.-З.Т.) - қазақшасы мықты, сөз қадірін білетін, астарлы ойларды да аңғарымпаз маман. Ақындықтан да құралақан емес. Күдікті-ау деген жолдар мен шумақтарды ұғынықты етіп, жолма-жол орысшаға аударып бере алған. Жақша ішіне кейбір сөздердің астарлы мағынасын да ашып көрсеткен.