Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2557 0 пікір 20 Қаңтар, 2010 сағат 07:33

Астанада аязды кезеңде газ жеткізілімдеріне бақылау күшейтіледі

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада аязды кезеңде газ жеткізілімдеріне бақылау күшейтіледі, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Температура төмендегенде егер газгольдерде газ толық болмаса, іс жүзінде үйлерге газ бармайды. Халық баллон сатып алуға мәжбүр болып, оларды үйлеріне қойып, тамақ пісіріп жатыр. Ал бұл өртке қарсы шаралар талаптарының нормаларына мүлдем қайшы», - деген қала әкімінің орынбасары Василий Крыловтың сөзіне баспасөз қызметі сілтеме жасайды. Осыған байланысты ол тиісті қызметтерге газ жеткізілімдеріне бақылауды күшейтуді тапсырды.

В. Крыловтың айтуынша, Астанада газ толығымен жеткілікті, газбен қамтамасыз етуші компаниялардың газ қоймаларында пропан жеткілікті мөлшерде сақтаулы. Негізгі міндет, дейді әкім орынбасары, газ бөлгіш қондырғыларды жеткілікті деңгейде толтырып және оны дұрыс пайдалануда.

«Қысыммен жұмыс істейтін газ бөлгіш қондырғылардың жұмыс істеуінің белгілі ережелері бар. Олар бір айлық қормен толтырылуы тиіс, компаниялар солай толтырулары керек. Олар солай деп есеп беріп те отыр, бірақ ақпанның 1-не дейін температура минус 20-28 градус сақталатынын ескерсек, ол жүйенің жұмысына бақылауды күшейту керек», - деді В. Крылов.

Оның айтуынша, қалада тұрғынүй секторының жартысы, ал ол 1039 үй, газ бөлгіш қондырғылармен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетсек, 13-ші қаңтарда Астанада тұрғынүйдегі газ баллонының жарылуы себепті төрт адам күйіп, екі пәтер жанып кеткен.

0 пікір