Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2470 0 пікір 21 Қаңтар, 2010 сағат 12:54

Петропавлда оралмандарға деген жәрдемақыны заңсыз алғандарға сот үкім шығарды

Петропавл. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Петропавлда оралмандарға деген жәрдемақыны қолдан құжаттар жасап, жалпы сомасы 3,696 млн теңгені заңсыз алған үш адамға қатысты сот үкім шығарды. Бұл туралы ҚазТАГ-қа СҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы полициясы С. Бохан, А. Бохан және С.Өмірхан деген азаматтарға қатысты қылмыстық іс 2008 жылдың сәуірінде ашылғанын айтады.

«Алдын ала келіскен бұл үштік, жалған төлқұжат пен жеті баланың туылған куәлігін өткізіп, көші-қон комитетінің департаментінен оралмандарға деген  1 325 680 теңге сомасындағы ақша алған. Сәл кейін С. Бохан көші-қон қызметіне Монғол Республикасының К. Қожаберген деген азаматының атынан жалған төлқұжат тапсырып тағы 1 185 520 теңге алған», - дейді қаржы полициясындағылар.

Бірнеше күннен соң С. Бохан осыған ұқсас амалды енді Монғолияның А. Хурмана деген азаматының атынан жүргізеді. Сөйтіп бұл алаяқтар жалпы 3,696 млн теңге алды, дейді департаменттегілер.

Петропавл соты жасаған қылмыстары үшін С. Бохан мен А. Боханды ҚР ҚК-нің 177 бабы, 3-ші бөлімі «б» тармағымен 6 жылғы (шартты түрде) үш жылын сынақ мерзіммен, С. Өмірханды – 5 жылға (шартты түрде) 2 жылдық сынақ мерзіммен бас бостандығынан айырды.

0 пікір