Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2548 0 пікір 21 Қаңтар, 2010 сағат 12:56

Фонограмма өндірушілері мен орындаушыларға 4 айда 15 млн теңгеден астам қаржы аударылды

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазақстан орындаушыларының құқығын басқару қоғамы» (ҚОҚБҚ) Республикалық қоғамдық бірлестігі фонограмма өндірушілері мен орындаушыларға 4 айда 15 млн теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл туралы бейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚОҚБҚ бас директоры Әсет Блиев мәлім етті.

«Біздің қоғам (ҚОҚБҚ) Қазақстанның барлық облыстарынан сыйақылар жинап, және 2009 жылдың 4 айында (тамыз-қараша) орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға 15 млн теңгеден астам қаржы таратылды», - деді бас директор.

ҚОҚБҚ 2009 жылы 28-ші желтоқсанда ҚР әділет министрлігінен орындаушылар мен фонограмма жасаушылардың құқықтарын басқару саласындағы тіркеуден өткені туралы куәлік алып, аралас құқықтарды ұжымдық басқару бойынша бірінші және жалғыз қоғамдық ұйым екендігі туралы мәртебесін қуаттады. Бұл құжат сыйақыны жинауға және жиналған сыйақыны композиторларға, музыкалық шығармаларды орындаушыларға және фонограмма өндірушілерге таратуға мүмкіндік береді.

Қысқа мерзімнің ішінде ҚОҚБҚ Қазақстанның 200-дей орындаушылар мен фонограмма өндірушілерінің басын біріктірді, дейді Ә. Блиев.

Қазақстандық танымал композитор, әндердің авторы және орындаушысы, ҚОҚБҚ атқару кеңесінің мүшесі Батырхан Шүкеевтің айтуынша, бүгінгі күнге ұйым мүдделі адамдар мен аралас құқық пайдаланушыларды тарта отырып 5 дөңгелек үстел өткізді.

Ол, осы жұмыстың жандануымен қазақстандық композиторлардың жаңа шығармашылық ізденіске деген қызығушылығы оянатынына үміті барлығын білдірді.

Қазіргі уақытта бірлестік пен әділет министрлігі бірлесе отырып, аралас құқықты пайланушылар үшін ең аз мөлшердегі сыйақы мөлшерлемесін бекітуді талқылау жөніндегі жұмыс тобын құрды. Музыкалық шығармалар мен фонограммаларды пайдаланатын мейрамханалар мен басқа да көңіл көтеру мекемелерінің иелерімен келісімшартқа отыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Өздерінің жұмыстарының алғашқы оң нәтижелерімен шабыттанған  ҚОҚБҚ қайраткерлері орындаушылар мен фонограмма өндірушілердің құқығын қорғауға бағытталып 13 жылдан бері жұмыс істемей келе жатқан «Авторлық және аралас құқық туралы» ҚР заңының нормасы іске асады деп сенім білдірді.

0 пікір