Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2933 0 пікір 21 Қаңтар, 2010 сағат 12:57

2009 жылы Қазақстандағы депозиттер 19,67%-ға өсіп 6,5 трлн теңге болды Ұлттық банк

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – 2009 жылы Қазақстанның депозиттік мекемелеріндегі депозиттер 19,67%-ға өсіп 6,5 трлн теңге болды. Желтоқсан айында депозиттер 3,4%-ға өсті. ҚР Ұлттық банкінің сайты бейсенбі күні осындай мәліметтер жариялады.

2009 жылы теңгемен депозиттер 4,35% өсіп, 3,49 трлн-нан 3,64 трлн теңгеге жетті. 2009 жылғы желтоқсан айында теңгелік депозиттер 9,1%-ға өсті.

ҚР банк жүйесіндегі валюталық депозиттер 2009 жылы 47,56%-ға өсіп, 1,92 трлн-нан 2,83 трлн теңгеге жетті. 2009 жылғы желтоқсанда шетелдік валютадағы депозиттер 3,1%-ға азайды.

2009 жылдың желтоқсанының аяғына жеке тұлғалардың депозиттері 1,89 трлн теңге болып жыл қорытындысында 28,5% өсім беріп, ал 2009 жылғы желтоқсанда 4,8%-дық өсім көрсетті. Сонымен қатар халықтың теңгелік депозиттері өткен жылы 3,54% азайып, 864,9 млрд-тан 834,3 млрд теңгеге төмендеді. Халықтың ваютадағы депозиттері бір жылда 74,13% өсіп, 608,1 млрд-тан 1,06 трлн теңгеге жетті. Өткен желтоқсанда халықтың теңгелік депозиттері 8% өсіп, ал валютада –2,4% өсті.

2009 жылы заңды тұлғалардың шоттары 16,35%-ға өсіп, 3,94 трлн-нан 4,58 трлн теңгеге жетті. Желтоқсан айында кәсіпорындардың банктердегі шоттары  2,9% өсті. Заңды тұлғалардың теңгелік шоттары 2009 жылы 6,95%-ға өсіп,  2,63 трлн-нан 2,81 трлн тенгеге, ал валюталық шоттары 35,2% -ға өсіп, 1,31 трлн-нан 1,77 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте 2009 жылдың желтоқсан айында заңды тұлғалардың теңгедегі шоттары 9,5%-ға өсіп, ал валюталық шоттары 6,1%-ға азайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364