Вашингтон ЕҚЫҰ-ын модернизациялау мен нығайтуда Қазақстанмен бірлесе жұмыс атқаруға болады дейді
Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Вашингтон Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде осы ұйымды модернизациялау мен нығайтуда Қазақстанмен бірлесе жұмыс атқаруға болады деп есептейді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд мәлім етті.
«ЕҚЫҰ мен халықаралық қауымдастық алдында нақты міндеттер тұр. Құрама Штаттары Қазақстанмен бірлесе отырып осы міндеттерге шешім таба алады және Қазақстан ЕҚЫҰ-ын барлық мүше елдердің мүддесіне сай модернизациялау мен нығайту жөніндегі мақсатына қол жеткізеді деп үміттенеді», - делінген, елшілік баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан, елшінің Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалыққа кірісуіне арнаған үндеуінде.
АҚШ, дейді дипломат, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның күшті де тиімді жетекшісі болатынына және «төрағалық жылын табысты атқарып, шығыс пен батыс арасында көпір салудағы адал брокер рөлін ойнайтынына» нық сенеді. Елші оның елі бұл жұмыста сындарды серіктес болатынына сендірді.
Сонымен қатар, Құрама Штаттары Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына қатысты мәлімдеген міндеттерге байланысты бірқатар үміті барлығын жеткізді.
Мысалы, АҚШ трансұлттық қауіптерді жоюды көздейтін, оның ішінде Еуропа қауіпсіздігіне де қауіп төндіріп отырған Приднестровье мен Таулы Қарабахтағы созылып кеткен шиеленісті шешудегі нақты қадамдар мен жобалардың орындалуын «тағатсыздықпен» күтеді.

«Біз сондай-ақ, Грузияны тұрақтандыру мен оның халықаралық танылған шекарасындағы жағдайдың тұрақталуында ЕҚЫҰ мәнді рөл атқаруы тиіс деп есептейміз. Осы тұрғыда біз ұйымға мүше басқа да қатысушылармен бірге, онда, Грузияның территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін ескере отырып, ЕҚЫҰ-ның болуын қайта қалпына келтіру керек деген ұстанымға беріктігімізді сақтаймыз», - дейді Р. Хоугланд.
Баспасөз парақшасында көрсетілгендей, АҚШ Қазақстанның ЕҚЫҰ-на қатысушы барлық мемлекеттермен бірге Ауғанстанның ОА мемлекеттерімен шекарасын нығайтуға бағытталған жұмысы мен аймақтағы экстремизм, радикализм және есірткі трафигіне қарсы күрестегі бағытын қолдайды.
«Мен сізге, Саудабаев мырза, және сіздің Венадағы ЕҚЫҰ-дағы миссияңызға алдағы уақытта зор табыс тілеймін. Біз сіздің келесі айда Вашингтонға жасайтын сапарыңызды тағатсыздықпен күтеміз», - деді елші, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министріне қаратып.