Қазақстандағы АҚШ елшісі қазақстандық БАҚ-тарда, әсіресе радио мен ТВ-да плюрализмнің жетіспеушілігіне назар аударды
Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоугланд қазақстандық БАҚ-тарда, әсіресе радио мен телекөрсетулерде плюрализм жетіспейді дейді.
«Кей жерлерде журналистер кәсіби, тіпті жеке басына қауіп төнетінін сезініп отыр, және БАҚ-тарда плюрализм жетіспейді, әсіресе радио мен телехабарларда», - деп айтқан елшінің дәйексөзіне баспасөз қызметі сілтеме жасайды.
Сондай-ақ дипломат, алаңдаушылық көзі сайлаулар болғанын, онда «транспаренттілік (ашықтық пен құпиясыздық) қамтамасыз етілмей, халық қалауы көрініс таппады» деп атап өтті.
Осы себепті елші, Қазақстан, ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде, Ұйым жұмысындағы басымдық болып табылатын адам өлшемі саласындағы міндетін орындауға жеткілікті түрде көңіл бөлуі тиіс деп есептейді.
«Қазақстанға сөз жүзінде де, іс жүзінде де көшбасшы болудың шешуші мүмкіндігі беріліп отыр. Құрама Штаттары Қазақстанмен оның ЕҚЫҰ-ын қалай алып жүретініне қарап және барлық үш өлшемдегі де - қауіпсіздік, экономика мен адам өлшемдеріне қатысты ұйым принциптерін іс жүзінде өзі үлгі боларлықтай орындайтынына қарап ынтымақтапақшы», - деп көрсетілген бейсенбі күні таратылған баспасөз парашасында.