Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5673 0 пікір 26 Қаңтар, 2010 сағат 06:00

Фарер аралдары....

Фарер аралдары.... Табиғаты тамылжыған аралдар тобын Атлант мұхитының солтүстік тұсынан, Исландия мен Шотландияның тура ортасындағы су айдынынан табасыз. Алайда, осы арал тұрғындарының арасындағы мына дәстүрді көрсеңіз, «ендігәрі бұл жерге аттап баспаспын» деп ант-су ішерсіз. Неге десеңіз, жыл сайын осы Фарер аралдарында сүп-сүйкімді дельфиндерді қырғынға ұшыратады. Адамға үйір, ақылды, Калдерон тұқымдас дельфиндерді алдап жағаға жақындатып алып, сауырынан қанжар бойлатып, ішек-қарнын ақтарады. Осылайша, бозбала біткен балиғат жасына жеткенін атап өтетін көрінеді. Дәстүр дәстүрімен-ау, ал аралдар - өзін өркениетті ел санайтын Дания корольдігінің отары. Осылай бола тұра, жүрек айнытар жауыздықты тыюға ешкім құлықты да емес. Әншейінде хайуанаттар бағындағы хамелеонның өліміне бола, мың адам жинап, митинг өткізетін «Гринпис» қайда қарап отыр екен,а?

Orken&G

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1404
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2982
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 981