Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3382 0 пікір 26 Қаңтар, 2010 сағат 08:35

«Қазақ спортсүйер қауымы енді өз ана тілінде толық ақпарат ала алады!»

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

27.01.2010ж.                                                                                                   Алматы қаласы

2010 жылдың 27-қаңтарында таңертеңгі сағат 11:00де Алматы қаласы әкімшілігі ғимаратының 3-залында «elsporty.kz» спорт интернет-журналының тұсаукесер салтанаты өтеді. «elsporty.kz» - тұңғыш спорттық әлеуметтік ақпараттық жоба.

Баспасөз-мәслихатына «elsporty.kz» жобасының авторы Қуат Домбай және аталмыш басылымның бас редакторы Назерке Сұлтанбек, 2011-жылғы Қысқы Азия Ойындарының Алматы қаласы дирекциясының басшысы Сұлтанмахмұт Шоқпытов, сонымен қатар еліміздің бірнеше белгілі спортшылары қатысады.

Қазіргі кезде еліміздегі интернет қолдануышылар саны 1,6 миллион адамнан асып отыр. Ал, қазақтілді ақпараттық порталдар саны барлық сайттардың 5-7 %-ын ғана құрайды. Осы көрсеткішті оңды жаққа өзгерту мақсатымен, яғни ғаламторда қазақ тіліндегі ақпараттық порталдар қоладнушыларының санын көбейтіп, бұқара арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін аталмыш жоба құрылды. Қазақтілді қолдануышалар қатары кеңейген жағдайда келесі жылдың мамыр айына дейін «elsporty.kz» порталына күніне 15000 қолданушыға дейін кіреді деп күтілуде. «elsporty.kz» порталының қызметкерлері пайдаланушыларға спорт жаңалықтарын барынша тез және айқын жеткізеді. Басылымның басты ерекшелігі - қазақ тілінде ғана толтырылуы. Сонымен қатар, «elsporty.kz» жобасында бұрын-соңды болмаған бөлімдер мен жаңашылдықтар қарастырылған. «elsporty.kz» әлеуметтік жобасы тек Қазақстан аймағымен ғана шектеліп қалмай, шет елдердегі қандастарымызға да жететін болады.

Баспасөз-мәслихаты 2011-жылғы Қысқы Азия Ойындарының дирекциясымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

(Баспасөз-мәслихаты қалалық әкімшілікте өтетіндіктен өздеріңізбен бірге жеке куәліктеріңізді алып келуіңізді сұраймыз!)

Қосымша ақпарат: 87015267757; 87004767659

e-mail:  nazerke@elsporty.kz Назерке Сұлтанбек

0 пікір