Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4442 0 пікір 26 Қаңтар, 2010 сағат 08:43

Қарағандыда «Гефест» көмір қауымдастығының 1000-нан астам жұмысшысы қысқартылатыны туралы ескерту хат алады

Қарағанды. 26 қаңтар. ҚазТАГ– Сейсенбі күні «Гефест» көмір қауымдастығының 1125 жұмысшысы 25-ші ақпаннан бастап қысқартылатыны туралы ескерту хат алады. Бұл туралы «Западная» шахтасындағы дерек көзі хабарлады.

«Басшылық бізге, жұмысшылардың негізгі бөлігі 25-ші ақпаннан бастап қысқартылатынын жариялады. Шахтада аздаған жұмысшы ғана қалып, шахтаның тіршілігін қамтамасыз етіп отырады. Біздегі мәліметтер бойынша мыңнан астам жұмысшы қысқартылады», - дейді дерек көзі. 

Бұл ақпаратты көмір өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағының аймақтық комитет төрағасы Дмитрий Попов растады. «Бүгін қысқартылатыны туралы хабарды «Западная» шахтасының 343 жұмысшысы , «Кировская» шахтасының 486 кеншілері, «Лад көмір» кесіндісінің 296 жұмысшысы алады». Әр кәсіпорынның басшылары қысқартуға байланысты адам саны мен кімдер екендігі туралы шешімді жеке қабылдады», - деді ол.

«Біз «Гефест» кәсіпорнының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, бұл шешімді мейлінше кейінге шегеруге тырыстық. Қысқарту мерзімін тек 15-ші ақпаннан 25-ші ақпанға жылжыта алдық. 15-ші ақпанға дейін құрамына энергетика және минарладық ресурстар министрлігінің,  кәсіподақ пен кәсіпорын мүшелері кіретін үшжақты комиссия отырысын өткізеді. Осы мәселені шешеміз. Кәсіподақ, әрине, өз жұмысшылары мен жұмыс орындары үшін күресетін болады», - деп сендірді кәсіподақтың аймақтық комитет төрағасы.

Оның айтуынша, «әкімшілік те өндірістің жоғалуына мүдделі емес. Бірақ жағдайды шешу үшін ҚҚС-ны қайтадан қайтару мәселесін шешу қажет. Салық басқармасы «Гефестке» 620 млн теңге сомасындағы расталған ҚҚС-ны нольдік мөлшерлемемен қайтармай отыр. Бұл мәселе сотта қаралаып жатыр. Үшжақты комиссияда кәсіподақ қаржы министрлігіне жүгініп, ҚҚС-ны шешуге тырысады. «Гефест» кәсіпорны үшін бұл - өмір мен өлім мәселесі. Кәсіпорын өндірістік жоспарды құрғанда осы қаражатқа арқа сүйеген. Және ол жұмыс орнын сақтап қалуға сөзсіз септігін тигізер еді», - деп есептейді Д. Попов.

ҚазТАГ-қа «Гефест» көмір қауымдастығынан хабарлағандай: «Бүгін ақпанның 25-нен бастап қысқартылатыны туралы ескертуді 1125 жұмысшы алады. Біз адамдарға бір ай жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, бір айға ақшалай өтемақы төлейміз. Бұл мәжбүрлі шара. Егер біз бүгін қысқартуға бармасақ, ертең біз жұмысшыларға жалақы төлей алмаймыз».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318