Қажығұмарға мемлекеттік сыйлық берілуі керек
2010 жылғы 27 қаңтар күні, сағ.11.00 Ұлттық баспасөз клубында Мәдени саясат және өнертану Институтының жанындағы «Тағылым» мәдени-интелектуалды клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері БАҚ-на арналған баспасөз брифингін өткізді.
Оған Ерлан Саиров (модератор) - Мәдени саясат және өнертану институтының директоры, Қабдеш Жұмаділ - Қазақстанның халық жазушысы, Оразбек Сәрсенбай - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ғаббас Қабыш - «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жорналшысы, Айдос Сарым - саясаттанушы, тәуелсіз журналист т.б қатысты.
Шараны өткізудің негізгі мақсаты - белгілі жазушы, қазақ қаламгері, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» атты алты томдық романын Мәдени саясат және өнертану институтының атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсыну.
Оның түрмеде жазылған "Қылмыс" романының толық нұсқасы алты кітап болып Қазақстанда бірінші рет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен романның алты томы толық жарық көрді. 2005 жылдың тамыз айында Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы жанындағы «Атажұрт» баспасы I-ші томын басып шығарғаннан-ақ, елімізде үлкен резонанс туғызған кесек бітімді әдеби мұра.

Бұл - Шыңжаң қазағының жарты ғасырлық тарихын қамтитын, Қытайда өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының тағдырынан сыр шертетін эпопеялық шығарма. Кітаптарда 30-80 жылдар аралықтарындағы Қытай елінде болған оқиғалардың барлығы қамтылған. Тағы бір ерекшелігі, тергеушіге жауап ретінде «Мың бір түн» ертегі формасында жазылған». Қ.Шабданұлының дүниеде теңдесі жоқ ерлігі - ол өзінің негізгі шығармаларын түрмеде отырып жазғандығында.
Мұндай ірі шығарманың жарыққа шығуы Қазақ әдебиетіндегі үлкен құбылыс. Оны елеусіз қалдыруға болмайды. Қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет дүниеге келген алты томдық романның кіндігі түрмеде кесілген. Қандай төзім, қандай еңбекқорлық, әдебиетке деген құштарлық десеңізші?! Өзі зындында жатып, жарық дүниеге аман шығар-шықпасы екіталай адамның ұлы мақсаттан айнымай, болашақ ұрпаққа арнап кітап жазуынан асқан ерлік бола ма?!
Жанр жағынан бұл шығарманы мемуар, яғни ғұмырнамалы роман деуге болады. Роман идея жағынан кеңестік дәуірмен Қытай еліндегі саяси қуғын-сүргін кезеңдерінің жан түршігерлік қылмысын ашады. Аталған замандағы қызыл қырғыннан қазақ халқының басына түскен нәубетті әшкерелейді. Роман қалың оқырманның ұлтын сүюге, отаншылыққа тебіренте баулиды.
Саналы ғұмырын ата жұрттан жырақта, бөтен елдің қапасында өткізе жүріп, қатал тағдырдың небір қиындықтарына мойымай, қолынан қаламы түспеген қайсар жазушы азаттықты аңсауды арқау еткен алты томдық ғұмырнамалық «Қылмыс» романын жазғаны, шынында да қажымас қайраттың, мойымас қайсар мінездің эталонын көрсетеді.
«Тағылым» мәдени-интелектуалды клубы мүшелерінің, қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің, проза саласы мамандарының, «Жас алаш» газетінің, Қауымдастықтың оң пікірлерін ескере отырып, «Қылмыс» атты алты томдық романның авторы Қажығұмар Шабданұлы әдебиет саласы бойынша белгіленген «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» атағына лайық азамат деп шешім қабылдады.
"Абай-ақпарат"